Спорт • 09 Қыркүйек, 2019

Жасталап Санауов Токиодағы Премьер-лига турнирін қорытындылады

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4-9 қыркүйек күндері Токиода каратеден Премьер-лига кезеңі өтті. Рейтингілік турнирге әлемнің 79 елінен 650 спортшы қатысып, қазақстандық Дархан Асаділов жеңімпаз атанды. Бұл туралы olympic.kz хабарлады.

Жасталап Санауов Токиодағы Премьер-лига турнирін қорытындылады

«Әр турнир сайын жарысқа қатысушылар саны азайып келеді. Бұл бір жағынан дұрыс нәрсе. Өйткені, каратеде бәсекелестік деңгейі өте жоғары, кейбірінің жарысты әрі қарай жалғастыруға мүлдем мүмкіндігі жоқ. Бірақ Токиодағы турнирге спортшылар тым көп жиналды. 79 елден 650 каратеші келді. Ал осының алдында өткен Шанхайдағы Премьер-лига кезеңінде 550 спортшы бақ сынаған болатын.  Бұл бәсекенің алдында еуропалықтар үш ай, азиялықтар бір жарым ай демалды. Мұндай тұрақсыздықтың спортқа тигізер кері әсері көп. Дегенмен, біздің спортшылардың аяқ алысы жаман емес. Команда мүшелері өз әлеуетін толық көрсетпесе де, жүлдесіз қалған жоқпыз. Жыл соңына дейін бізді тағы екі жарыс күтіп тұр. Премьер-лиганың келесі айналымы қазан айында Мәскеуде өтеді», деді бас бапкер Жасталап Санауов. 

Айта кетейік, қазақстандық Дархан Асаділов 60 келіде топ жарып, жеңімпаз атанды.