Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үндістан, Швейцария мемлекеттеріне жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшілері Ерлан Әлімбаев пен Әлібек Бақаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы Ерлан Әлімбаевқа Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты нығайтуды, сондай-ақ туристік бағыттағы байланысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, Алтын Орданың 750 жылдығына және басқа да айтулы шараларға басымдық беру керектігін атап айтты.
Ал Әлібек Бақаевқа Швейцариямен осыған дейін қалыптасқан саяси, сауда-экономикалық қатынасты жаңа деңгейге көтеру тапсырылды.