Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019

Барлық міндеттемелер орындалады

272 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекетті жаңа сапалық деңгейде дамыту үшін Парламент пен Үкіметтің алда тұрған негізгі бағыттары туралы айтылды.

Барлық міндеттемелер орындалады

Жолдауда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың әлеуметтік қамтылуын күшейту, экономиканы жаңғырту, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру секілді ауқымды мәселелер қамтылды.

Мемлекет басшысы өзінің сөзінде 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімі 5 пайызды құрау керектігін және мемлекет экономикасының құрылымын өзгерту мен экспортқа бағытталған кәсіпорындарды дамыту, сондай-ақ индустриялық тұрғыда дамыған әрі жоғары технологиялық өндірістерді дамыту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар жаңа технологиялар мен өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының ел экономикасына әсері артып келе жатқаны, ол ғылыми-зерттеулер деңгейін арттыруды және өндіріске инно­вациялық әзірлемелерді енгі­зу қажеттігін талап ететіні атап өтілді. Мемлекет басшысы алға қойылған мақсаттарға қол жет­кізуде экономиканы цифр­лан­ды­ру­дың маңызын атап өтті.

Серпінді салаларды дамыту аса маңызды екені ақиқат. Президент ұлттық дәстүрлер мен өзіндік ерекшеліктерді үйлестіретін эко және этнотуризмді осындай салалар ретінде белгіледі.

Жолдауда қазіргі кезде шағын және орта кәсіпкерліктің тұрақты дамуынсыз экономикалық өсімді қамтамасыз ету мүмкін емес екені атап өтілді. Шағын бизнес, сондай-ақ микробизнес «саламатты» бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыс­сыз­дық­ты азайтуға, салық түсімдері түрінде бюджетті толықтыруға, орта таптың қалыптасуына ық­пал етеді. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы осы кә­сіп­кер­лік субъектілерін қолдау мақ­са­тын­да микро және шағын бизнес компанияларын 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап табыс салығын төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеу жөнінде тапсырма берді, ол ШОБ жұмыс істей бастағаннан бастап үш жыл бойы әрекет етеді. Одан басқа, микро және шағын бизнес субъектілерін шексіз тексеруді болдырмау мақсатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап үш жыл бойы тексеруге тыйым салу туралы Президенттің шешімі күшіне енеді.

Шағын және орта бизнестің рөлі экономикалық ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік міндеттерді шешуде де маңызды. Осыған байланысты Президент Үкіметке «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, көп балалы аналарды бизнеске, соның ішінде үйдегі бизнеске тарту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Президент Жолдауында ха­лықтың жалақысының өсуіне ерекше назар аударды. Елбасының мұғалімдердің жалақы деңгейін арттыруға бағытталған тапсырмаларын іске асыру оның 2020 жылы 25% - ға, ал төрт жылда екі есеге өсуіне алып келеді. Сондай-ақ басқа жұмыскерлер еңбекақысының көрсеткіш бойынша емес, нақты өсуін талдау және қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Президенттің атаулы әлеу­мет­тік көмек (АЭК) алушылардың негізсіз өсуіне алаңдаушылығын түсінуге болады. АӘК-ні іске асыру және бақылау тетігінің жетілмегендігі халықтың асырауында ғана емес, сондай-ақ АӘК табысы аз адамдар деңгейіне сәйкес келмейтін отбасылар алатын жағдайлар орын алуына әкеп соғады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы АӘК тетігін жетілдіру қажеттілігі туралы атап өтті.

Президент Жолдауы аясында шешілетін тағы бір әлеуметтік мәселе тұрғын үймен қамтамасыз ету. Қ.Тоқаев бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуге тапсырма берді, оның аясында алдағы үш жыл ішінде кезекте тұрған 30 мың көп балалы аз қамтамасыз етілген қазақстандық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Тұрғын үйге ие бола алмайтын адамдар үшін әлеуметтік жалға алу арқылы проблеманы шешуі мүмкін. Осы мақсаттар үшін 2022 жылға қарай 240 млрд теңге бөлу көзделген.

Мемлекет басшысының Жол­дауында біздің әлеуметтік бағ­дарлы мемлекет екенімізді, сон­дық­тан мемлекет қабылдаған барлық міндеттемелер орындалатынын атап өтті. Бұл заңнаманы уақтылы жетілдіруді талап етеді.

Еділ МАМЫТБЕКОВ,
Парламент Сенатының депутаты