Жолдауды әзірлеу үшін терең экономикалық, әлеуметтік талдау жұмыстары жүргізілгені байқалады. Оның мазмұнында әлеуметтік мемлекет бағытына баса мән берілгені, мемлекеттік аппараттың сапасын арттыру, экономикадағы мемлекеттің қатысуын азайту, кәсіпкерлікті қолдау секілді іргелі шаралар, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың дамуы экономикалық дамуды жаңа бағытқа бастайды.
Жаһандық экономикалық, саяси ахуалдардың құбылмалы кезеңінде мемлекеттер арасындағы саяси, сауда-экономикалық текетірестер белең алған тұста, әлемдік экономиканың қарқыны баяулаған, Еуропадағы жаңа экономикалық рецессия болжанған уақытта экономикалық тұрақтылық пен өсім, инвестициялар ағынының қарқындылығы Қазақстан үшін ерекше маңызға ие. Осы ретте Жолдауда айтылған Ұлттық қор қаражатын стратегиялық маңызды мақсатқа сай жұмсау, шамадан тыс көп квазимемлекеттік сектор үлесін азайту, азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру сайып келгенде елдің макроэкономикалық тұрақтылықты, саяси және сот реформаларының экономика мен азаматтардың көңіл күйі мен әл-ауқатына оң әсер етуін көздейді.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыра отырып, орта мерзімдегі ел дамуының стратегиялық басымдықтарын белгілеп берді.
Айбол АРҒЫНҒАЗИНОВ,
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры