Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Көкшетауда қызылша ауруы бел алып тұр

722 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі күні қызылшамен қатар құрт ауруының өсімі де алаңдатарлық. Облыста жыл сайын туберкулезге қарсы екпе он мыңнан астам нәрестеге егіледі.

Көкшетауда қызылша ауруы бел алып тұр

Өткен жылы туберкулезге қарсы 6431 нәрестеге екпе егілген. Бір жақсысы олардың арасында ешбір қолайсыз жағдай тіркелмепті. Қазір қызылша ауруы бас көтеріп тұр. Облыста қызылша ауруын жұқтырған 306 жағдай тіркелген. Әсіресе, Көкшетау және Степногорск қалалары мен Сандықтау ауданында көбірек байқалып отыр.

– Бүгінгі таңда қызылшамен сырқаттанудың өсуіне байланысты тоғыз айлық балаларға қосымша вакцина жүргізілуде. Егер жоспар бойынша олар туғанына 12 ай толғаннан кейін егілуге тиіс болса, қазір тоғыз айдан кейін егілуде. Оған себеп бір жасқа дейінгі балалардың арасында сырқатқа шалдығудың көбейіп кетуі болып,– дейді облыстық тауарлар мен каөрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина,–қазіргі күні облыс бойынша бір жасқа толмаған төрт мыңнан астам балаға екпе егілді.

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші, аурудың алдын алсақ қана жұқпалы аурулардың өрісін тарылтар едік.