Қоғам • 10 Қыркүйек, 2019

МӘМС: елордалықтар тамыз айында 25 млрд теңгеден астам жарна аударды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 31 тамызы  аралығындағы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жинақталған жарнаның жалпы сомасы 25 млрд теңгеден асады. Бұл республика бойынша түскен сақтандыру жарнасы мен аударымдарының  12,4 %-ын құрайды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қорының баспасөз қызметі хабарлады. 

МӘМС: елордалықтар тамыз айында 25 млрд теңгеден астам жарна аударды

Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, Нұр-Сұлтан қаласы медициналық сақтандыру жарналары - аударымдары бойынша Алматы қаласынан (20,7%) кейін екінші орында келеді, ал үшінші орында - Қарағанды  облысы (8,2%).

«Медициналық сақтандыру қорына жарна аударуда елордалық жұмыс берушілер әдеттегідей белсенді атсалысуда. Олар тамыз айында 1, 144 млрд теңгеден астам жарна аударған. Медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарының қомақты бөлігі – 1,141 млрд теңге (99,70%) жұмыс берушілерге тиесілі, ал 3 млн теңге (0,30%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін азаматтардан түскен жарналар», -  дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түкен барлық  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы, Ұлттық банкпен арада жасалған сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады. 2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.