Ішкі істер министрлігінің жақында таратқан ақпаратын оқығанда еріксіз күрсінесің. Бала – бауыр етің, көз алдыңда жайраңдап жүрген балақайдан қас-қағым сәтте көз жазып қалсаң, қалай болады? Әлбетте, ауыр. Әрі ол бір отбасының жалғызы болса ше? Жаныңды жегідей жейді. Талай түйткілдің түйінін оймақтай ойға сыйғызған қазақ мұндайда бір ауыз сөзбен «Сақтықта қорлық жоқ» деген.

40 мың ата-ана жауапкершілікке тартылған
Жоғарыда аталған ведомствоның мәлімдеуінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерсіз жүргені үшін 40 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Аз емес. Ал осы 40 мың бала бір бәлеге ұрынса не болады? Кім кінәлі? Кінәны әлдекімнен іздеген оңай, ал өзегіңді өкініш өртесе, бәрінен де сол қиын.
Ішкі істер министрлігінің ата-аналарға арналған сақтыққа шақыру хабарламасындағы деректер «2019 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Средигорное ауылында үш күндік іздестіру шараларынан кейін зардап шеккендер үйінің ауласында орналасқан құдықтағы балшықтың астынан 2 жасар баланың мәйіті табылды. 26 тамыз күні Ақтөбе облысының Бадамша ауылында жергілікті тұрғындар өзенге батып кеткен 4 жасар баланың денесін алып шықты. Ал сол күні Нұр-Сұлтан қаласында 4-қабаттың терезесіндегі тормен ойнап отырып 8 жасар қыз бен оның кіші сіңлісі құлап, ауыр халде ауруханаға жатқызылды. Жыл басынан бері су айдындарында 123 бала суға батып, 119 бала құтқарылды. Жол-көлік оқиғаларында 118 бала қаза тауып, 2 275 бала түрлі дәрежедегі жарақат алды», деп жалғаса береді.
Амалсыздан балаларды нанға жұмсаймын
Төрт бірдей немересіне қарап үйде отырған зейнеткер Айнагүл Еркінбекқызы ауылды жерде тұрса да балалардың қауіпсіздігіне әрдайым алаңдап жүретінін жеткізді. «Ауыл адамдары бір-бірін таниды. Мектеп те үйге соншалықты алыс емес. Десе де, 2 және 1 сыныпта оқитын үлкен немерелерімді жалғыз жіберуге қорқамын. Бұл сөз жол білмейді, көлік көп дегенді білдірмейді. Қаладағыдай құжынаған машина жоқ қой. Тек теледидардан күн сайын қорқынышты жаңалықтарды естисің, сол санаңда тұрып алады. Ересектердің бәрі жұмыста болып, 1 жастан енді асқан немереммен үйде қаламын. Сондайда амал жоқ үлкендерін бір-біріне қосақтап, дүкенге нан алып келуге жұмсаймын. Бірақ өзім аулаға шығып, көзіммен шығарып салып, қайта қарсы аламын», дейді әже. Ол балабақшаға баратын баласын жалғыз жібере алмайтын көрінеді. Бірақ зейнеттегі ата-ана бұлай бола берсе, қоғамдық орында өзін өзі ұстауға, алып жүруге, қорғауға епсіз болып, өмірге ерте бейімделуден қалыс қала ма деп алаңдайтынын да жасырмайды.
«Өзім көп балалы анамын, Құдайдың қолдауымен бәрін өсіріп, жетілдірдім. Енді, міне, немере бағып отырмын. Қазір жас ата-аналар күн көру үшін жұмыстан бас алмайды. Сананы тұрмыс билеген заманда мұны да түсінесің. Бірақ баланың тәрбиесі, білімі, әлеуметке бейімделуі деген мәселелерді былай қойғанда, қарапайым өміріне жауап беруден қалып барады. Жыл сайын қаншама аяқ-қолы балғадай, ауырып-сырқамаған, сап-сау балалардан салғырттықтың салдарынан айрылып отырмыз», дейді жанайқайын жеткізген А.Еркінбекқызы.
Қазақстан – демографиялық ахуалы географиялық жағдайына сай келмей тұрған ел. Орталық Азия елдері арасындағы Өзбекстан халқы 33 миллионнан асты. Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті директорының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, Қазақстандағы туу көрсеткіші 19,6 пайызға өскен. Ал баланың өлімі жыл сайын артып отыр. Ресми деректерде тек жаңа туған нәрестелердің өлімі есептеледі, ал балалар мен жасөспірімдер өлімі бұл көрсеткішке қосыла бермейді.
Толғауы тоқсан тақырып
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында жариялаған алғашқы Жолдауында: «Жасөспірімдер арасында көбейіп кеткен суицид мәселесімен мақсатты түрде айналысу керек», деген еді. Бұл қордаланған түйткілдің түйінін тарқату расымен де жүйелі жұмысты қажет етеді. Өйткені Ішкі істер министрлігі биылдың өзінде 312 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсап, оның 108-і өмірден озғанын мәлімдеді, жыл соңына дейін бұл көрсеткіштің қалай құбылатыны белгісіз. Ал Бас прокуратура 2016 жылғы қорытынды есебінде 5-14 жас аралығындағы 75 жеткіншек және 15-17 жас аралығындағы 52 жасөспірім суицид жасағанын жазған. Бұл тізімге жарық дүниемен қоштасқысы келгендер қатары қосылмады. Үш бала тәрбиелеп отырған Жанна Құрманова мұндай өкініштің алдын алу үшін ата-ананың өзі психолог болуы керектігін айтады. «Әке-шешесі баласымен ашық сөйлесе алуы қажет. Өмірдің қандай да бір қиын жағдайына тап болған баласының ең сенімді сырласына айналғаны абзал. Мен, мысалы, ұлымның араласатын адамдарын, жақын тұтатын достарының ата-аналарына дейін білемін. Ұл-қыз деп бөлмей, өзіңе жақын тарту керек», дейді Ж.Құрманова. Оның ойынша, бүгінгі балаларға дауыс көтеріп, айғайлағаннан ештеңе өнбейді. Сондықтан барлық мәселені тек сырласып шешуге болады. «Қазір студент болып үлгерген ұлым алып-ұшқан шағында бір қызды ұнатып қалғанын, тіпті қалай «сындырса» болатынын сұрады. Мен ол қыздың қандай екенін, несімен ұнайтынын сұрай отырып, гүл сыйлауға, сөйлескің келетінін айтуға болатынын жеткіздім. Соңында сыр тарта келе, ұнатудың аяғы үнемі тәтті бола бермейтінін, адам ауыр өзгерістерді кезіктіретінін, біреудің қалауына мойынсұнуға тура келетінін, оның әлі өмірлік жар болмауы мүмкін болғандықтан түбегейлі соған ауып кетпеу керегін, кейбір көзқарастары сай келмегендіктен адамдар бір-бірінен бас тартатынын ақырындап түсіндірдім», деген ана баласына алдағы өткелде сынып кетпеуге үйретіпті.
Биыл 118 бала жол апатынан қаза болған
Бала өміріне қауіп тек жоғарыда сөз болғандай өрт, су, суицидтен келіп тұрған жоқ. Елімізде жиі орын алатын жол-көлік оқиғаларында да балалар көп зардап шегеді. Айталық, жыл аяғына жетпегеннің өзінде биыл жол апатынан 118 бала қаза болып, 2 275 бала түрлі дәрежедегі жарақат алған. Міне, жаңа оқу жылы да басталды. Барлық мектептер балаларды таситын автобуспен қамтамасыз етілмеген. Ата-аналардың көбі жұмыстан босай бермейді. Жоғары сыныптар бір жөн, бастауыш сыныптың оқушылары да мектепке өз бетімен қатынап жүреді. Ал балалардың бәрі бірдей жол жүру ережелерін жетік меңгермеген, оған қоса көлік жүргізушілер түгел кәсіби емес, енді ғана үйренгендері де, жүргізуші куәлігін түрлі жолдармен сатып алғандары да бар.
Елордадағы №48 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сырғагүл Сайлаубекқызы осы қызметіндегі 10 жылдық тәжірибесінде оқушыларының өміріне қауіп төнген кезі болмағанын айтады. Оның пайымдауынша, мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін оқу ошағында жүйелі жұмыстар жүргізілуі керек. «Барлық сынып оқушыларына жол ережесімен таныстыру бағытында тәрбие сағаты өтеді, соңында баладан танысқаны жөнінде қолхат аламыз. Бүгінгі балалар мораль оқығаннан тез меңгеріп кетпейді, жан-жақты қызықтыру қажет. Сондықтан біз 7, 8 сынып оқушылары арасынан мектептің жас жол инспекторларын сайладық. Бұл басқа да балаларды үйренуге ұмтылдырады», дейді С.Сайлаубекқызы. Жас инспекторлар бастауыш сыныптың оқушыларына жол ережелерін түсіндіріп, қалай, қандай әрекет ету керектігін көрсететін көрінеді. Аталған білім ошағының басшылығы балалардың танымын кеңейтуді мектепішілік деңгеймен шектемей, арнайы мамандарды ішкі істер департаментінен шақырып та қойыпты. Шындығында да жол сақшылары тек ереженің сақталу-сақталмауын бақылаумен шектелмей, жас ұрпақтың таным-тәрбиесіне де көңіл бөлуге мүдделі һәм ата-аналарға жәрдемші болса, бүгінгі бала болашақтағы қауіпсіз қоғам мен лайықты көзқарасты қалыптастырар еді.
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Иә, ата-анаға қайта айналып келдік. Бала өміріне төнген қауіп бәрінен бұрын ата-ананы алаңдатады. Сол себепті мектеп, балабақша, қоғам, сақшылар, т.б. факторлардан бұрын басты жауапкершілік ата-анаға артылатыны анық. Әрине бұл басқалардың жауапкершілігін жеңілдету деген сөз емес. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Десе де, «Тас түскен жеріне ауыр» деген тағы бар, баланың өлімі бірінші ата-ананың жүрегіне салмақ салады. Ал күнделікті күйбең тірлікте жауапкершілікті ата-анаға бір сәт те санадан шығармай арқалап жүру – ардың да, заңның да жазасынан әлдеқайда жеңіл.
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қазақстан • Бүгін, 22:45
Өнер • Бүгін, 22:05
Ұрпақ өрбіту – ұлт алдындағы парыз
Қоғам • Бүгін, 21:27
«Көңіл көңілден су ішетін» керемет күн
Қазақстан • Бүгін, 21:16
Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды
Әлем • Бүгін, 20:40
Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:50
Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті
Спорт • Бүгін, 19:20
Бельгияда коронавирустың «үшінші» толқыны туралы айта бастады
Әлем • Бүгін, 18:50
Санкт-Петерборда Жамбылдың 175 жылдығы тойланды
Руханият • Бүгін, 18:00
Ақмолада сотталғандар кездесудің орнына екі сағаттық бейнебайланысқа шығады
Аймақтар • Бүгін, 17:14
«Канело» мен Йылдырым титулдық жекпе-жек үшін қанша гонорар алды?
Спорт • Бүгін, 16:27
Қос боксшымыз Украинада топ жарды
Бокс • Бүгін, 16:00
Оралда ер адам газдан уланып көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Алматы облысында кәсіпкер түрмеге 32 телефон өткізбек болған
Аймақтар • Бүгін, 14:34
Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Алматының Алмалы ауданында өрт болды
Аймақтар • Бүгін, 14:02
Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Этномәдени бірлестік өкілдері Сәбит Мұқанов саябағына ағаш отырғызды
Аймақтар • Бүгін, 13:17
АҚШ жаңа вакцинаның қолданысына рұқсат берді
Әлем • Бүгін, 12:40
Ауа райына байланысты жабық тұрған трассалар туралы мәлімет
Қазақстан • Бүгін, 12:25
«Мен мұндай полицияны еш жерден көрмедім...»
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Облыстық ассамблея алғыс гимнін шырқады
Аймақтар • Бүгін, 11:21
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар