Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019

Арыстық балалар – Молдова жерінде

53 реткөрсетілді

Арыс қаласындағы балалар үйінің төрт тәрбиеленушісі 8 қыркүйекте Молдова астанасына ұшып барды. Балдырғандар саяхат аясында осы елдің тарихи-географиялық, сондай-ақ этномәдени ерекшеліктерімен танысуда.

Қазақстандық жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейтіп, рухани ба­­йы­туға ықпал ететін шараны оқу жылының басында өткізу бастамасын Nur Otan партиясының Сыртқы істер министрлігіндегі бастауыш партия ұйымының үйлестіруімен Қазақ­станның Кишинев қаласындағы Бас консулдығы ұсынған.

Бастамашылардың қайырымды­лық акциясына «KMG International» компаниясының бөлімшелері: «Rompetrol Молдова», «KAZROM FLOUR» ЖШС, «Cricova-vin» және «SupremaLex» компаниялары демеу­шілік көрсетті.

Сапар басында балалар жаңа піскен жемістер мен көкөністерге бай ұлттық тағамдардан дәм татып, дастарқан басында алғашқы әсерлерімен бөлісті. Болашақта эстрада жұлдызы болуды армандайтын Оралбек Жүсіпов бұл сапары туралы былайша әңгімеледі: «Бізге Молдоваға шақырылғанымыз туралы хабар күтпеген жерден келді. Естіген күннен бастап біз ұшаққа отыруды асыға күттік. Біз әуежайдан шыққан кезде ауа-райы тамаша бол­ды. Маған Молдованың ұлттық му­зы­касы өте ұнады. Мен онымен бола­шақта жақынырақ танысамын деген үміттемін, мүмкін бір әнін үйреніп алармын».

Әңгіме барысында балалар өздері­нің өмірлері мен болашаққа жоспарлары туралы ықыласпен айтты. Олар ересек өмірге оптимистік көзқараспен қарап, таңдаған мамандықтары бо­йынша жоғары маман болуды армандайды. Мысалы, Толғанай Масалиева математика пәнінің мұғалімі болу­ды жоспарлаған, ал Бексұлтан Әлібек Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің жолын таңдаған.

Хирург болуды армандаған Карина Сулайманова шетелге алғашқы сапары жайлы, есте қалған сәттері туралы баяндап берді. «Молдова бізге өте ұнады – климаты сондай жылы, ауа да таза. Кишиневтің өзі өте жасыл және әдемі қала екен. Біз осы елдің тарихы ту­ралы мүмкіндігінше көп білгіміз ке­леді, оларға біздің Қазақстан туралы айтып бергіміз келеді», – дейді Карина.

«Бүлдіршіндеріміздің бақытты, шабыттанған жүздерін көру мен үшін үлкен қуаныш. Бұл сапар біздің оқушыларымыздың ғана емес, сонымен бірге осы жазда үлкен сы­нақты бас­тан кешкен Арыс қала­сының барлық тұрғындарының жүре­гіне жол табатынына сенім­дімін. Бізді қолдаған барлық қазақстандықтарға алғысымыз шексіз. Молдоваға балаларға арналған тур ұйымдастыруға көмектескен Қа­зақстанның Бас консулдығына, Сырт­­қы істер министрлігіне және­ Nur Otan партиясына ерекше алғыс білдіргім келеді», – дейді бала­лар үйі­нің директоры Меруерт Сүйін­дікова.

Саяхат барысында арыстық жет­кіншектер Молдова мұражай­ларын, мәдени және тарихи орталықтарын, Еуро-2020 іріктеу кезеңінде ойнайтын Молдова-Түркия футбол матчын көруді және Қара теңізге баруды жоспарлап отыр. Өткен дүйсенбіде балалар Молдованың оңтүстігіндегі Гагаузия автономиялық-террито­риалдық бөлігінің астанасы Комрат­тағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні орналасқан Даңқ аллеясына барды және оның аумағындағы өзге де белгілі нысандарда болды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • Кеше

Күлкі керуені №4

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Жақсым

Руханият • Кеше

Жол үстінде босанды

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар