Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019

Astana Media Week басталды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Astana Media Week өз жұмысын бастады.

Astana Media Week басталды

«Astana Media Week» медиа-апталығы 3 күнге созылады. Әр күні медиа саласындағы серіктестік қатынастар мен халықаралық ынтымақтастықтың дамуына елеулі үлес қосатын түрлі бағыттағы шаралар жоспарланған. Форумның алғашқы күні сериалдық өнімдерді әзірлеу, салық преференциялары, кино прокатының шарттары, мазмұны, фильм өнімінің шығармашылық деңгейі және оның демеушілер үшін тартымдылығы тақырыбында өтеді.

Жиынға Star Media кинокомпаниясының вице-президенті Никита Тринкин, белгілі қытайлық продюсер У Цзян, поляк режиссері және продюсер Дариуш Яблонски және Үндістаннан келген NFDC Халықаралық тарату және маркетинг бөлімінің бастығы Дипли Чаула қатысады деп күтілуде.

Форум барысында «Қазмедиа Орталығы» коворкингі аумағында «TRENDZONE: қазір дәл уақыты» атты журналистердің, PR-кеңесшілердің, дипломаттардың, ғалымдардың, баспагерлердің, оқытушылардың және жасаушылардың қатысуымен ашық бірлескен семинарлар мен медиа-дәрістер өтеді. Олар елдегі жаңа медианың дамуы туралы өз тәжірибелері негізінде әңгімелейтін болады.

Сондай-ақ өндіріс компаниялары үшін продюсерлерден және бағдарлама директорларынан бірқатар семинарлар мен мастер-класстар өтеді. Бұдан соң «Қазақстан» РТРК» АҚ жаңа телевизиялық маусымының тұсаукесері өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Astana Media Week-тің басты мақсаты - отандық медиа секторды дамыту және саладағы іскерлік қатынастарды аймақтық деңгейде ілгерілету. 2018 жылы аталған шараға 60 отандық және шетелдік топ-менеджерлер және 50-ден астам өндірістік компаниялар ұсынылған болатын.

 

.