Спорт • 11 Қыркүйек, 2019

Шорт-тректен Қазақстан командасы Ресей кубогінің бірінші кезеңіне қатысады

28 реткөрсетілді

12-15 қыркүйек күндері Ресейдің Коломна қаласында шорт-тректен Ресей Федерациясы кубогінің бірінші кезеңі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған турнирге Қазақстан командасы да қатысады. Әлем үздіктері бақ сынайтын додаға қазақстандықтар толық құраммен барады.

Атап айтар болсақ, ерлер құрамасының үздігі Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұхаев, Әділ Ғалиахметовтар айдынға шығады.

Ал қыздар командасынан екі спортшы қатыспайды. Олар - Әлия Ким мен Анастасия Крестова. 

Ресей кубогінің бірінші кезеңі шорт-трекшілер қатысатын маусымдағы алғашқы бәсеке. Кейін Қазақстан ерлер командасы Қытайдағы турнирге аттанады. Шанхайда өтетін бәсекеде біздің команда эстафетадан және 1000 метрге жүгіруден бақ сынайды. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Лисаковтың «Бәйтерегі»

Аймақтар • Кеше

Оқу мәдениеті

Қоғам • Кеше

Алаштың айбоз абызы

Руханият • Кеше

Ақтөбе облысы жылыту маусымына дайын

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар