Қоғам • 11 Қыркүйек, 2019

Ауыр қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша заң жобасы әзірленді

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысы тапсырмасын іске асыру аясында Бас прокуратура тарапынан ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы заң жобасын әзірлеу бойынша баспасөз маслихаты өтті. Жаңа заң жобасына енгізілетін нормалары жайында толығырақ Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты.

Ауыр қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша заң жобасы әзірленді

ҚР Бас прокуратурасының ақпараты бойынша жаңа заң жобасының нормаларына сәйкес қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізіледі. 

Мал ұрлығы үшін жаза 10 жылға дейін артатын болады, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру 10 жылға дейін артады, интернет арқылы есірткі таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылады.

Зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылады және осы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру 8 жылға дейін артады. Ал екі және одан да көп кәмелетке толмаған адамды зорлау қылмысы үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылады, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау мерзімі 5 жылға дейін артады.