Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019

«Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясы аяқталды

29 реткөрсетілді

Бүгін Қазақстан елордасында «Жібек Жолы – диалог жолы» халықаралық экспедициясының аяқталуына орай «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Жиында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Т. Дүйсенғалиев, экспедиция жетекшісі Ә. Ахмеджанов, экспедиция қатысушылары саяхатшы және «Nomad 4X4» компаниясының негізін қалаушы Қ. Сағнаев, «Хабар 24» телеарнасындағы «Дархан дала» авторлық жобасының жүргізушісі Ж. Рахмет, QazaqGeography ақпараттық жарықтандыру жөніндегі бас менеджері А. Жұматаева сөз сөйледі.

Экспедиция құрамы келесі бағыт бойынша жүріп өтті: Алматы қ. – ҮАК – Есік – Шарын – Көлсай – Қарақол – Кәжі-Сай – Токмок – Суусамыр – Талас – Тараз – Ақмешіт үңгірі – Сауран – Түркістан – Арыстанбаб – Отырар – Шымкент – Ташкент – Самарқан – Қазығұрт – Мерке – Таңбалы – Алматы қ.

 

Жобаның негізгі мақсаты – экспедиция кезінде туристік нысандарды тізбектеу, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу және жаңа туристік бағыттарды құру арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін дамыту болды және трансшекаралық маршруттарды дамыту.

Экспедиция құрамы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бағытынан тұратын он үш күндік экспедицияда болды. Қатысушылар құрамы білікті журналист, фотограф, телеарналар түсірілім тобы, туристік блогерлер мен туроператорлардан тұрды. Сапардың нәтижесі бойынша еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылды. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынып, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалды. Бұл ақпарат көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және отандық туроператорларға берілетін болады.

Аталмыш экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдени-географиялық объектілерінің туристік әлеуетін пайдалану міндетін толық жүзеге асырылуына едәуір үлес қосатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да алға қойылған міндеттерді орындауға ықпал етеді. 

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар