Жиында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ төрағасының орынбасары Т. Дүйсенғалиев, экспедиция жетекшісі Ә. Ахмеджанов, экспедиция қатысушылары саяхатшы және «Nomad 4X4» компаниясының негізін қалаушы Қ. Сағнаев, «Хабар 24» телеарнасындағы «Дархан дала» авторлық жобасының жүргізушісі Ж. Рахмет, QazaqGeography ақпараттық жарықтандыру жөніндегі бас менеджері А. Жұматаева сөз сөйледі.
Экспедиция құрамы келесі бағыт бойынша жүріп өтті: Алматы қ. – ҮАК – Есік – Шарын – Көлсай – Қарақол – Кәжі-Сай – Токмок – Суусамыр – Талас – Тараз – Ақмешіт үңгірі – Сауран – Түркістан – Арыстанбаб – Отырар – Шымкент – Ташкент – Самарқан – Қазығұрт – Мерке – Таңбалы – Алматы қ.
Жобаның негізгі мақсаты – экспедиция кезінде туристік нысандарды тізбектеу, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу және жаңа туристік бағыттарды құру арқылы ішкі және сыртқы туризмнің әлеуетін дамыту болды және трансшекаралық маршруттарды дамыту.
Экспедиция құрамы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бағытынан тұратын он үш күндік экспедицияда болды. Қатысушылар құрамы білікті журналист, фотограф, телеарналар түсірілім тобы, туристік блогерлер мен туроператорлардан тұрды. Сапардың нәтижесі бойынша еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото-және видеобанктер құрылды. Олардың қазіргі жағдайы туралы өзекті ақпарат алынып, иллюстрацияланған жолнұсқа жасалды. Бұл ақпарат көршілес Қырғызстан, Өзбекстан және отандық туроператорларға берілетін болады.
Аталмыш экспедиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның мәдени-географиялық объектілерінің туристік әлеуетін пайдалану міндетін толық жүзеге асырылуына едәуір үлес қосатындығын атап өткен жөн. Сонымен қатар, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында да алға қойылған міндеттерді орындауға ықпал етеді.