Спорт • 11 Қыркүйек, 2019

Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан Суперкубогін «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары сарапқа салады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Футзалдан Қазақстан суперкубогі Атырауда өтеді

Кездесу 14 қыркүйек күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде  өтеді. Жарыс жергілікті уақытпен 17:00-де басталады.

Дәл осы күні Қазақстан Кубогының 2019-2020 жылғы жаңа маусымның іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Іріктеу кезеңдері 15-18 қыркүйек күндері «Атырау» және «Жайық» спорт кешендерінде өтеді. Оған Қазақстанның кәсіби футзал командаларымен әуесқой спорт командалары да қатысады.

«Қайрат» (Алматы), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Аят» (Рудный), «Жетісу» (Талдықорған), «Оқжетпес» (Көкшетау) және «Каспий» (Ақтау) кәсіби футзал командалары Қазақстан кубогы үшін алаңға шығады. Ал әуесқой командалар саны жарыс алдында берілген өтінім бойынша белгілі болады.