Руханият • 09 Қыркүйек, 2019

«Отан отбасынан басталады» атты тұңғыш отбасылық ақындар айтысы өтеді

728 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «Nur Otan» партиясының  қолдауымен «Отан отбасынан басталады» атты тұңғыш отбасылық ақындар айтысы өтеді.

«Отан отбасынан басталады» атты тұңғыш отбасылық ақындар айтысы өтеді

Елбасының рухани жаңғыру мақаласы аясында өтетін жыр сайысының мақсаты- ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл өнеріміздің өркен жайғаны сонша, бір отбасынан бірнеше мықты айтыскер шығып отырғанын дәріптеу.

Бұл додада Егеухан Мұқамәдиқызы немересі Ардагерей Кәпұлымен,  Бекарыс Шойбеков інісі Дәуренмен, Рүстем Қайыртайұлы әкесі Қайыртаймен, Иранғайып Күзембаев ағасы Талғатпен, Дидар Қамиев інісі Ұланғасырмен, Ержан Әміров інісі  Бекжанмен, Амангелді Панабердиев  ағасы Серікболмен  айтысады. Кештің арнайы қонағы Төрағали Төрәлі.

Отбасындағы тәрбие, ата мен ананың үлгісі, сыйластық пен жарасым, ауыл мен қала тұрмысындағы ерекшеліктер, нарық заманына бейімделудің көріністері, бала тәрбиесі, жаңа, жас ұрпаққа білім берудің өзекті мәселелері секілді іргелі тақырыптар айтыс өзегіне айналады. Тапқырлық, ұтқырлық, көркемділік, суырып салу – айтысты бағалаудағы басты талаптары.
Айтыстың бас бемеушісі – «Nur Otan» партиясы. Ақпараттық қолдау көрсетуші «Қазақстан» Ұлттық арнасы.

Жыр жәрмеңкесін бірге тамашалайық ағайын!

Айтыс Алматы қаласында 30 қыркүйек күні «Республика сарайында» сағат 19:00-де басталады.

Билеттер: Алматы қаласындағы барлық кассаларда сатылады.