Дипломат Парламенттің Жоғарғы палатасының Төрағасы қызметіне сайлануына байланысты Сенат басшысына Палестина Ұлттық кеңесінің құттықтауын жеткізді және оған алдағы уақыттағы қызметі табысты болуына тілектестігін білдірді.
«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап Таяу Шығыстағы өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешуді жақтап келеді және Палестинаны әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тезірек оңалтуға бағытталған халықаралық қоғамдастықтың гуманитарлық акцияларын қолдайды», деді ол.
Елші Қазақстан тарапына халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қолдау көрсетіп келе жатқаны және екіжақты ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. М.Әбу Зейд сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы айта келіп, Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат болатын көп салалы «Әбу-Даби Плаза» кешенінің құрылысы туралы хабардар етті. Қазірге дейін 76 қабаты салынды, қазан айының соңында «Sheraton» қонақүйі пайдалануға беріледі.
Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, Палестина азаматтары үшін виза тәртібін жеңілдету мүмкіндіктерін, сондай-ақ «Теңіз» мұнай кен орнындағы қақтығысты талқылады. Мәселелерді пысықтау үшін мекемеаралық комиссия құрылды. Сенат Төрағасы шетелдік азаматтардың Қазақстан заңнамасын сақтауы, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін құрметтеуі қажеттігін атап өтті.