«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-на Мемлекеттік сапары аясындағы екінші күнгі бағдарламасына сәйкес Бейжіңдегі Халық батырлары монументіне гүл қою рәсімінен бастады»,- деп жазды Берік Уәли.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына екікүндік мемлекеттік сапармен барды. Сапардың бірінші күні ел Президенті ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП Сыртқы істер жөніндегі басқарушы топ Канцеляриясының бастығы Ян Цзечимен кездесіп, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-шы отырысына қатысқан еді.
Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР іскерлік орта өкілдерімен кездесті және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында лекция оқыды. Дәріс аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қытайда оқып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесіп, олармен бірге естелік суретке түсті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, келіссөздер жүргізді.