Президент • 12 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасымен кездесті

81 реткөрсетілді

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланды. Екі тарапта аталмыш қарым-қатынастың жұмысын оң бағалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшуды ҚХР-дың 70 жылдық мерекесімен құттықтап, Қытайға мемлекеттік сапары барысында жасалған өзара тиімді уағдаластықтар жөнінде айтты.

– Кешегі келіссөздер сәтті өтті. Қытай – Қазақстанның үлкен көршісі. Сондықтан біз екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастығымызды ескере отырып, төраға Си Цзиньпинмен Бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Онда біздің әріптестігіміз стратегиялық және ұзақ мерзімді мәнге ие екені көрсетілген. Бұл сапарымның қорытындыларына қанағаттануға барлық негіз бар,– деді Президент.

Мемлекет басшысы екі елдің парламентаралық қарым-қатынастарын одан әрі нығайту перспективалары туралы айта келіп, осы жылдың қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуразия парламенттері спикерлері IV кеңесінің маңыздылығын да атап өтті.

– Сіздің Қазақстанға үш рет келгеніңізді білемін. Жақын арада сіз Қазақстанға қайта барасыз. Бірақ бұл сапарыңыз Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы ретінде болатындықтан, оның жөні де бөлек болмақ. Біз сіздің сапарыңызды зор ықыласпен күтеміз,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ли Чжаньшу Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оның Си Цзиньпинмен келіссөздерінің нәтижелі өткеніне тоқталды.

– Кеше Сіз бен төраға Си Цзиньпиннің арасында сенімді әрі жемісті келіссөздер болды. Кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасулар өтті. Соның нәтижесінде Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Онда екі көшбасшы да тараптар стратегиялық әріптестікті дамытады деп мәлімдеді. Осылайша, сіздің Қытайға сапарыңыз үлкен жетістікпен аяқталды. Ал Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы жаңа тарихи кезеңге өтті, – деді Ли Чжаньшу.

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені № 6

Руханият • Бүгін, 11:57

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:55

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы    

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:52

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:45

Ең қысқа әңгіме. Мағжан Қалымбекұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:42

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:40

Ең қысқа әңгіме. Алтынғадыс Күнтуғанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:39

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:36

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:31

Ең қысқа әңгіме. Күлайна Оразбекқызы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:30

Ең қысқа әңгіме. Құрманғазы Жұмағұл

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:29

Ең қысқа әңгіме. Құрманжан Қасымжанұлы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:19

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:18

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Бүгін, 09:18

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Бүгін, 09:14

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Бүгін, 09:13

Уәдеге берік бол!

Бүгін, 09:11

Тіл тірлігі – тілге мұқтаждықта

Руханият • Бүгін, 09:07

«Аққу ақын» Атырауға келді

Әдебиет • Бүгін, 08:57

Таластан шыққан дипломат

Руханият • Бүгін, 08:54

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Бүгін, 08:50

«Жетісу» – жеңімпаз

Спорт • Бүгін, 08:50

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Бүгін, 08:45

Салық төлеушілер баға қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:23

Қарқыны бөлек «Қаламқас»

Экономика • Бүгін, 08:22

Қара сиырым қарап тұр...

Қоғам • Бүгін, 08:21

Қазақ өзі қандай халық?

Руханият • Бүгін, 08:19

Тәу етер мекен – Тарбағатай

Руханият • Бүгін, 08:16

«Елтану» – ертеңшіл жоба

Руханият • Бүгін, 08:15

Тарихымыздың құты – Тайқазан

Руханият • Бүгін, 08:12

Ұқсас жаңалықтар