Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2019

Жазасын өтеушілерге көмек көрсету жалғаса береді

284 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы енгізілді.

Жазасын өтеушілерге көмек көрсету жалғаса береді

       Жоғарыда көрсетілгендерді басшылыққа ала отырып, Үкіметтің 2014 жылғы 23 қазандағы №1131 Қаулысын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Алға аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Нақты айтқанда, сотталғандармен әңгімелесу барысында олар әлеуметтік-құқықтық көмекке мұқтаж болған жағдайда Пробация қызметі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын құрып, оның көшірмесін құзырлы мекемелерге орындау үшін жолдайды.

      Жеке әзірленген бағдарламаға сәйкес бас бостандығын шектеу жазасы мен шартты түрде сотталған адамдарға, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, оған қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру кезінде пробация қызметіне жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да ұйымдар жәрдем көрсетеді. Қазіргі таңда медициналық көмек және жұмысқа орналастыру және тағы басқа көмектер көрсетіліп жатыр, оның ішінде 2 сотталған адам «Ақтөбе облысы Алға ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы бағдарламаның 1-бағыты бойынша уақытша маусымдық ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды. Барлығы 7 сотталған адам жұмыспен қамтылды.

     Пробация қызметтерінің негізгі атқаратын жұмысы – сотталғандарға Заңмен білгіленген көмек көрсету жұмысын іске асыру. Себебі, қылмыс істеп, өзін қоғам ішінде ешкімге керексіз болғанын көріп, болашақ өмірінен үмітін үзген жандар аз емес. Ал осындай адамдарға Үкімет тарапынан дер кезінде қол ұшын беріп, қажетті көмек көрсетілген жағдайда көптеген азаматтың дұрыс жолға түсетініне сенім зор.

      Пробация қызметінің мақсаты – әрбір сотталушының мінез-құлқындағы өзгерістер мен өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасына сәйкес жеке әңгімелер өткізіп, мүмкіндігінше саламатты азаматтар қатарына қосу.

 

Руслан ТӨРЕБАЕВ,

Ақтөбе облысы ҚАЖД

Алға аудандық пробация қызметі бастығының м.а.,

                   әділет аға лейтенанты