Бұл – айрықша дәмхана. Себебі мұнда сізге қызмет көрсететін жап-жас қыз-жігіттердің ешқайсысы сөйлемейді. Бірі туғаннан, енді бірі сәби шағынан құлағының мүкістігі бар жастардың басын құраған, маңдайшасына «Күлімсіреңіз! Сізге ерекше адамдар қызмет етеді» деген жазуы бар дәмхананың табалдырығынан толқи аттайсыз.

Нұр-Сұлтан қаласының Сейфуллин көшесіндегі №9-үйде орналасқан, бұрын «Жоңғар қақпасы», одан кейін «3 зал» атымен астаналықтарға белгілі дәмхананың атауы «Emoji» болып өзгергеніне көп уақыт өткен жоқ. Ал оның «Emoji» аталуының да сыры бар екен. «Бүгінгі заманда, әсіресе жастар өзара хабар алмасқанда сөз орнына эмоциясын білдіретін смайлдар жолдау әдетке айналған. Ал естіп, сөйлей алмайтын адамдар үшін смайлдар әлемі жан дүниедегі, көңілдегі күйді жеткізудің ең бір қолайлы түрі, сондықтан дәмханаға осы атауды беруді дұрыс көрдік», дейді еmojiлік қыз-жігіттер.
Дәмхана есігін ашпастан бұрын іштей дайындалып, күлімсіреген күйі тұтқаны тарттым. Іште ақырын ғана жанға жайлы тиетін әуен ойнап тұр екен. Алдымнан күлімсірегені жүзіне көрік қосқан жап-жас қыз шығып қолымен ишарат беріп төрге шақырды. Кіреберістегі бардан «Саламатсыз ба?» деген үн шыққанда психологиялық тұрғыда оған дайын болмаған мен сәл тосылып қалғанмын. Журналист екенімді айтып, дәмхана жұмысымен таныстыратын адамның бар-жоғын сұрадым. Сол сәтте ішкі бөлмеден күлімсірей шыққан орта жастан асыңқыраған әйел адам: – Қазір балам келеді, ұйымдастырып жүрген сол ғой, оған дейін мына жерге отырып демалыңыз, – деген. – Сіздің балаңыз ба еді, онда келгенінше әңгімелесе тұрайық, – деп ол кісіні сөзге тарттым.
– Негізінен Семей өңірінен боламыз. Ауылда тұратын сіңлімнің баласы Бақытбек құлағының мүкістігіне байланысты Семейде қолымда тұрып, арнайы мектепке барды. Содан балам Азамат екеуі құлын-тайдай тебісіп бірге өсті, одан таңдаған қызына үйленемін дегенде де үй болып, аяқтануына күш салдық. Сондықтан да өз анасынан гөрі маған жақындау. Оның жан дүниесін мен көбірек ұғынамын десем артық емес. Қазір 3 баласы бар, бірақ жығылған үстіне жұдырық дегендей, соңғы уақытта бүйрегі ауырып, диализге қарап қалды, материалдық тұрғыда өмір сүруі қиындап кетті. Азаматтың мамандығы дәрігер, алайда осы бауырының проблемасын бүге-шігесіне дейін танып, оның отбасына және осы тәріздес жандарға көмектесу үшін осы жобаны қолға алды. Ашылғанымызға екі ай, шынын айтқанда кірісімізден шығын көп, молынан кредитке кірдік, бірақ шыдаймыз, Алла бұйыртса іс қылып шығарамыз деп отырмыз, – деді өзін Ләззат деп таныстырған әйел.
Азамат көп күттірген жоқ. Еңбек демалысында болғандықтан бар уақытын осы жұмысқа арнап жүрген ол менің өтінішімді ықыласпен қабылдады. «Бұл идея Эмин Аскеров атты кәсіпкердің бизнес-тренингіне қатысқаннан кейін туды. Анам айтып берген шығар, әлеуметтік маңызы бар жобаны қолға алуым бауырымның ерекше жағдайына байланысты. Жұмысты бастамастан бұрын Бақытбек өздерінің чатында осындай арнайы дәмхана ашу идеясы барлығын жариялады. Содан бірден бірнеше жігіт хабарласып, осы мейрамханаға келдік. Жұмысы тоқтап, жабылып қалған соң іші адам көргісіз екен, барлық тазарту, жөндеу жұмыстарын өз қолымызбен жасадық. Сол жігіттің бірі қазір аспаз», деп әңгімесін бастады Азамат.
3 залы бар дәмханаға келушілер қатары көп болмағанымен, тамақтанушылардың көңілдері жай, ризашылықтарын қимылдарымен көрсетіп, қоштасып шығып барады. Келген адамдардың үстел үстін бажайлап қарағанын аңдап, мен де зерттеуге кірістім. Әйнектің астына даяшыларға тапсырыс беру, басқа да қажеттіліктерді сұраудың қол қимылдары көрсетілген көмекші қағаз қойылған екен. Кәдімгі теледидардан көрсетілетін сурдоаударма тәрізді. – О баста, дейді Азамат – даяшы болуға бәрі жүрексінді, себебі сау адамдармен қарым-қатынаста бір-бірімізді түсінбей қаламыз деген қорқыныш болды. Қазір бойлары үйренді, ең бастысы, осындағы қыз-жігіттердің барлығы өздерінің қоғамға қажет екендіктерін түсінді. Бойларындағы әлеуметтік кедергілерді күнделікті жұмыстары арқылы алып тастап, осы жерден өз орындарын тауып жатыр. Әуелде тек ыдыс жуамын, өзге жұмыстан қорқамын деген қызымыздың қызығушылығы оянып, кондитер болды. Даяшы жігітіміз аспаздыққа икемі барлығын аңдап, соны игеріп алды. Әрине жаңадан бастап жатқандықтан қиындығымыз көп. Алдымен психологиялық тұрғыда кедергілер туды. Оларды ата-аналары бала күнінен мүгедек деп есептеп көп нәрсеге өздері жүгіріп, балаларының қоғамға икемделуін шектеген. Сосын мемлекет бізге мұнша жәрдемақы беруі, үкімет көмектесуі тиіс деген түсінік қалыптасқан. Солардың бәріне деген көзқарастарына өзгеріс енгізіп, жұмысқа кешікпеуді, жауапкершілікті сезінуді, дайындалған астың дәмді болып, келген қонақтың көңілінен шығудың қажет екенін бойларына сіңіру үлкен жұмыс екен. Ал қазір қай-қайсысының да көздерінде оты жанды, тіпті жұмысты қалай жақсартамыз деген идеяларын айтып, зейін, ықыластарын салады. Осының ішін әрлеу мен, үстел үстіне жабылатын дастарқанға дейін өздері тігіп шықты. Он екі мүшесі сау адамдардан осындағы қыз-жігіттердің басты ерекшелігі – олардың естімеуі емес, өтірік айта білмейтін шынайылығы дер едім. Сол реттен бір жағынан адал адамдармен жұмыс істеу өте жеңіл. Екіншіден уәде бердің бе орындауға тиіссің, олар қалжыңды да түсінбейді, сондықтан не айтсаң да барлығын ашып, бажайлап беруің керек. Кейде мынадай қиындық болып жатыр десең, жандары ашып тұрып қабылдайды, шешілуін күтеді.
Дәмханада бүгінде 18 адам жұмыс істейді. Тек екі бармен сөйлейді, ал қалғандары қол қимылымен түсіндіретін ылғи бір өрімдей, 20 жасқа енді толған қыз-жігіттер. Қызылордадан, Алматыдан, Ақтаудан, Теміртаудан дейсіз бе, жан-жақтан өздерінің өмірден жолын тапсам деген өрендер. Бір қиындығы, көбінің астаналық тіркеуі жоқ. Тұратын жерлері арзан хостелдер екен. «Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген 5 адамға бізден гөрі жеңіл, олардың тұратын жерлері бар, оған қоса қалалық еңбекпен қамту орталығының еңбекақыларына қосымша қосатын сомалары бар. Егер біздің Нұр-Сұлтан қаласына тіркелуіміз шешілсе, қала тұрғындары арасынан қолұшын созатын адамдар шықса жақсы болар еді. Негізінен біз осы маңайдың жұртшылығына ризамыз, ашылмай жатып, екі адам сіздерге көмегіміз тисін деп бір-екі шараларын өткізді. Үйлеріне тапсырыспен тамақ алдырады, айт мейрамы кезінде шелпек, бауырсақ, торт, бәліштер пісіртті. Соның барлығы біз үшін үлкен қуаныш», дейді кейде жазып, кейде сөздерін аударып берген Азаматтың қызметіне жүгінген жастар.
Үржардағы үйін, астындағы көлігін сатып, сүйген мамандығы дәрігерлікке қоса әлеуметтік маңызы бар жобаны атқарып жүрген Азаматтың өзі де пәтер жалдап тұрады. «Әйтпесе өз үйіме тіркер едім, бірақ кез келген бизнестік жоба бірден айдарынан жел есіп кетпейтіні тәрізді біз де қазір клиенттер жиып, елден алғыс алып, жұмысты жолға қоюды басты мақсат етудеміз», дейді Нұр-Сұлтан қалалық Онкология орталығының реанимация бөлімінің дәрігері Азамат Базылов.
Қызылордада 1000 отбасыға азық-түлік себеті таратылды
Аймақтар • Бүгін, 12:38
Атыраулық оқушы АҚШ университетінің грантын иеленді
Аймақтар • Бүгін, 12:21
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар