Грузияда посткеңестік кеңістіктегі ең ауқымды музыкалық фестивальдердің бірі – Цинандалидегі классикалық музыка фестивалі (Tsinandali Festival) 8 қыркүйектен бері жоғары деңгейде өтіп жатыр. 15 күн бойы Грузияның ең сұлу аймағы – Кахети өңірінде ұжымдар мен соло әртістерінің орындауымен 30-дан аса опералық, оркестрлік және камералық музыка концерттері жоспарланған фестиваль 22 қыркүйекке дейін жалғасады.

Тұңғыш мәрте өткізіліп отырған бұл фестивальге бүкіл әлемнен атақты орындаушылар, дирижерлер, сазгерлер, музыкалық қайраткерлер мен суретшілер қатысуда. Фестивальдің басты мақсаты – Еуропа мен Азия түйіскен өңірдегі музыка үнін әлемге естірту. Цинандалидегі фестивальге арнап 900 қонақты сыйдыра алатын арнайы музыкалық зал, 60 бөлмелі қонақ үй, ашық амфитеатр, кітапхана және бүкіл тиісті инфрақұрылым салынды. Сондай-ақ, жоба аясында Цинандалиде халықаралық музыка академиясы құрылып, оның жанында 60 адамнан тұратын жастар оркестрі жасақталды.
Пан-Кавказ оркестрі өнер мейрамының шымылдығын Густав Малердың Екінші симфониясымен ашты. Бес бөлімнен тұратын бұл белгілі туындының екінші соңғы бөлімінде әлемдік жұлдыздар – опера сопраносы Инг Фанг (Қытай) және меццо-сопрано Кетеван Кемоклидзе (Грузия) грузиялық хордың сүйемелдеуімен орындап шықты.
Сондай-ақ, фестивальде виолончелист Миша Майский (Израиль), пианистер Ван Юйцзя (Қытай), Ян Лисецкий (Канада), Денис Кожухин (Ресей), тағы басқа атақты музыканттар өнер көрсетпек.
«Kusto Group» басқарма төрағасы Еркін Тәтішевтің және атақты сазгер Еркеш Шәкеевтің ұсынысымен Цинандали фестивалі Пан-Кавказ жастар оркестрінің (PCYO) құрамына Қазақстаннан он төрт жас музыкант кірді. Бұл жетекші шығармашылық ұжым Қазақстан, Украина, Түркия және Кавказ елдерінен қатысып жатқан талантты жас музыканттар үшін тәжірибе алаңына айналды. Фестивальге Қазақстан атынан қатысып жатқан музыканттар 2019 жылдың 30 наурызында Алматыда өткен тыңдау байқауында іріктеліп алынды.
«Kusto Group» басқарма төрағасы Еркін Тәтішев былай деп атап өтті: «Мен Грузияның бұл бөлігінде 15 жыл бұрын болып, бірден Цинандалиді сүйіп кеттім. Сол кезде өзімнің серіктесім Георгий Рамишвилимен бірге біз Чавчавадзе мұражай үйін және айналадағы усадьбаны қалпына келтіру туралы шешім қабылдадық. Цинандали фестивалін өткізу туралы идея туындаған кезде біз бірден жас музыканттарымызға ең үздік кәсіби мамандармен – опера және классикалық музыка жұлдыздарымен жұмыс жасауға мүмкіндік беріп, жас таланттарды қолдауымыз керек деп шештік. Фестивальге АҚШ Ұлттық симфониялық оркестрі және Цюрих опера театрының музыкалық директоры, Лондон және Израиль симфониялық оркестріне шақырылған бас дирижер Джанандреа Нозеданың қазылық жасап жатқаны да аса маңызды. Біздің жастарымыз Цинандалиде 16 тамыздан бері жүр және олар күніне 6-8 сағаттан дайындалады. Мұндай сапар өмір бойы есте қалып, жаңа кәсіби және шығармашылық деңгейге шығуға мүмкіндік беретін аса маңызды баспалдаққа айналатынына сенімдімін».
Фестивальдің бас директоры, режиссер Давид Сакварелидзе: «Оркестрге қатысуға үміт білдірген жастарды тыңдау байқауынан өткізген біз, комиссия мүшелері, Қазақстан музыканттарының деңгейі аса жоғары болатынын алдын ала білдік. Қазақстаннан қатысатын музыканттар санының көп болатыны да белгілі еді. Нәтижесінде оркестр құрамына енген 14 адам өздерін тамаша қырынан көрсете білді. Оркестрде өнер көрсететін музыканттар үшін ерекше мінез, икемділік және өзгеріске құштарлық, эмоциялық тұрақтылық, ең бастысы, ұжымда жұмыс жасай білу аса маңызды. Мен қазақстандықтарды музыка аясында бұрыннан бақылап келемін, олардың бойындағы бұл биік сапаны әлдебір генетикалық кодтың нәтижесі деп бағалар едім. Талант дәстүрден бастау алады, сондықтан оны дамытуға қаржы салу қажет. Уақыт өте келе, кәсіби шеберлігі оларды әлемге танымал ететініне сенемін».
Еркеш Шәкеев, қазақстандық сазгер әрі ақын: «Фестиваль өте тамаша әсер қалдырды. Осындай жайлы ортаның қалыптасуының бір сыры Грузия жері мен оның қонақжай халқының кең пейілінде жатыр. Біздің елдің жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл жайында маэстро Джанандреа Нозеда және фестиваль директоры Давид Сакварелидзенің өзі айтып отыр. Цинандалидегі ауқымды фестивальге тек сәттілік пен өркендеуді ғана тілеймін!»
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • Бүгін, 16:14
Шымкенттегі медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Қазақстандықтардың несиесі 7,6 трлн теңгеге жетті
Қаржы • Бүгін, 16:13
Атырауда қоршаған ортаға 1 млрд теңгенің залалы келгені анықталды
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Түркістанда құдалық өткізгендер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 15:52
Шымкенттен шалғай орналасқан ауруханаға КТ аппараты орнатылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Алматыда қосымша жұмыс орындары ашылады
Аймақтар • Бүгін, 15:44
Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтердің 91%-ы цифрландырылды
Қоғам • Бүгін, 15:36
Жаттықтырушылардың кәсіби мерекесі 7 сәуірде атап өтілуі мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:30
«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:23
Бір тәулік ішінде қар құрсауында қалған 132 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 15:18
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады
Қоғам • Бүгін, 15:08
Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленеді
Қоғам • Бүгін, 15:01
Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады
Аймақтар • Бүгін, 15:01
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Вакцинациядан кейінгі иммунитет, электронды паспорт жайлы не білеміз?
Аймақтар • Бүгін, 14:56
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Алматылық студенттің ғылыми жобасы халықаралық байқауда бағаланды
Аймақтар • Бүгін, 14:41
Алматыда халықаралық форум өтті
Аймақтар • Бүгін, 14:27
Азаматтарға арналған үкімет өзінің кадрлар резервін жасақтайды
Аймақтар • Бүгін, 14:25
Сенат Үкімет сағатының қорытындысы бойынша 20-дан астам ұсыныс дайындады
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды
Фотогалерея • Бүгін, 14:05
Батыс Қазақстанда жол апатынан 4 адам қаза тапты
Аймақтар • Бүгін, 14:00
Екі қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік ондығына енді
Спорт • Бүгін, 13:40
ШҚО ауыл шарушылығы бойынша алдыңғы қатарда
Аймақтар • Бүгін, 13:21
Шығыс Қазақстанда 2100 орындық 3 мектеп салынып жатыр
Білім • Бүгін, 12:58
Экология вице-министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
Экология • Бүгін, 12:49
Сайын Мұратбетковтың әңгімелері ағылшын тіліне аударылды
Әдебиет • Бүгін, 12:41
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Парламент • Бүгін, 12:40
Елорда әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты
Қоғам • Бүгін, 12:28
2020 жылы 13 мың этникалық қазақ көшіп келді
Қоғам • Бүгін, 12:24
«Antiparacraft-2021»: Студенттер жемқорлыққа қарсы квест өткізді
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Алматыда армиялық қоян-қолтық ұрысынан Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды
Спорт • Бүгін, 12:04
Алматыдағы NIS Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Өнеркәсіптік саясат жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:56
Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді
Театр • Бүгін, 11:54
Түркия туристер үшін ПТР-анықтама талабын ұзартты
Әлем • Бүгін, 11:53
«Рақымшылық жасау туралы» заң жобасы талқыланады
Қоғам • Бүгін, 11:51
Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығы қалай ұсталады?
Қаржы • Бүгін, 11:39
Дәрігер болу үшін – жүректілік пен мейірім керек
Медицина • Бүгін, 11:32
Шымкентке биыл 330 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарлануда
Аймақтар • Бүгін, 11:25
«Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:21
Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:19
СҚО ПД бастығы халықпен кездесті
Аймақтар • Бүгін, 11:17
Бейбіт Атамқұлов қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының өкілдерімен кездесті
Экономика • Бүгін, 11:11
Банк тонамақ болған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:04
Сенаторлар көлік қауіпсіздігі деңгейін төмен деп санайды
Қазақстан • Бүгін, 11:00
Елімізде сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 10:57
Парламентаризм институтының директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:39
Мемлекет басшысы Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
Президент • Бүгін, 10:36
Сирек кездеседі, бірақ жалғыз емес: Орфандық аурулар туралы не білеміз?
Медицина • Бүгін, 10:32
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс депутаттары тауар белгілері туралы халықаралық келісімді қарайды
Парламент • Бүгін, 10:21
Ана мен баланы әлеуметтік қолдауға қанша қаражат бағытталды?
Қоғам • Бүгін, 10:17
Кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды
Қоғам • Бүгін, 09:58
Алматыда Крылов атындағы балалар кітапханасы жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 09:56
Қытайға бару үшін виза беру мүмкіндіктері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 09:41
Бүгін Нұр-Сұлтан және Көкшетау қаласының оқушылары қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:34
Шымкенттік ұстаз «даму» қоры арқылы оқу орталығын дамытқан
Білім • Бүгін, 09:30
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстан • Бүгін, 09:28
Ахметжан Есімов БАӘ-нің әл-ауқат қорының басшылығымен кездесті
Экономика • Бүгін, 09:23
Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:21
Коронавирусқа тағы 51 адам шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Қазақстан-Қытай арасындағы консулдық консультациялардың 19-шы отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 09:17
ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды
Білім • Бүгін, 09:16
«Өрлеуде» инклюзивті білімге арналған курс ұйымдастырылды
Білім • Бүгін, 09:12
Астана мен Ақмола облысындағы оқушылар қашықтан оқиды
Білім • Бүгін, 09:08
Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды
Аймақтар • Бүгін, 08:43
COVID-19: Сыры қашан ашылар?..
Коронавирус • Бүгін, 08:35
Ұқсас жаңалықтар