Әлем • 14 Қыркүйек, 2019

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны өсті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті. Бұл туралы La Vanguardia газеті Азаматтық гвардиядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлайды. 

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар саны өсті

58 жастағы адамның денесі Бенферри муниципалитетінде (Аликанте провинциясы Валенсия автономды бірлестігі) табылды. Болжаммен оны ағыс алып кеткен. Осыған дейін су тасқыны салдарынан төрт адамның зардап шеккені туралы айтылған еді. 

Жұмада, яғни кеше ер адамның денесі Гранада провинциясындағы жолдың жиегінен су басқан автокөліктен табылған еді. Тағы бір ер адам Альмериядағы су басқан тоннельде көліктің салонында қалып қойған. 

Сондай-ақ екі адам бейсенбі күні муниципалитете Каудете (провинция Альбасете автономды бірлестігі Кастилия-Ла-Манча) елді мекенінде қаза тапты.  Эвакуацияланғандардың саны 3,5 мың адамға жеткен.

Мектептерде сабақ тоқтатылды. Бірнеше қалада әуежай жұмысы тоқтап тұр. 

Соңғы жаңалықтар