23 Қаңтар, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1525

366 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1525


Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 6:02

2012 жылғы 30 қараша, Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі №958 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Сәрсенбі, 23 қаңтар 2013 6:02

2012 жылғы 30 қараша, Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі №958 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегі №958 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., №38, 389-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі – кадастр) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – кадастр жүргізетін кәсіпорын) жүзеге асырады.
Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызметке:
1) жергілікті жерде әкімшілік-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгілеу;
2) жер пайдалануды қалыптастыру жөніндегі жобаларды, бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жер қатарынан жер учаскелерін беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгілеу;
3) мемлекет меншігіндегі және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер пайдалануға берілген жер учаскелері бойынша шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын 2зірлеу жатады.
Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.»;
11-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1. Мемлекеттік меншіктегі жерлерден берілетін жер учаскелеріне жер-кадастр істерін кадастрды жүргізетін мемлекеттік кәсіпорындар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің шешімдері, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жүргізеді.»;
12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары көрсетілген құжаттарды тексеруді жүзеге асырады және осы құжаттарды жер учаскелерін жергілікті жерде зерттеу үшін кадастрды жүргізетін кәсіпорындарға жібереді. Олардың шекаралары, алаңдары және мақсатты тағайындалуы өзгергені белгілі болған жағдайда, бұл өзгерістер облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімінің, олардың Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес қайта бекітуіне немесе мүдделі тараптардың арасында жасалатын шартта көрсетуге жатады.»;
13-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Бөлудің нәтижесінде пайда болған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастр ісі жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастр ісі кадастрды жүргізетін кәсіпорынның мұрағатында сақталады.
Бөлудің нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын кадастрды жүргізетін кәсіпорын дайындайды, оларды өтініш берушіге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органы береді.»;
13-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы жер учаскесін кадастрлық есепке қойғаны туралы (жаңа құқық иесі туралы мәліметтермен бірге) кадастрды жүргізетін кәсіпорын екі апта мерзімде жер учаскесі орналасқан жердегі республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органына хабарлайды.»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Жерлердің сапасын есепке алу жерді экономикалық бағалауды және жер мониторингін жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақты бонитеттік бағалауды жүргізуді қамтиды.»;
24-тармақта:
1) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы ұсынылған есептерді қарайды әрі бекітеді және оларды болған өзгерістерді жер-кадастр кітабына және бірыңғай мемлекеттік жер тізіліміне енгізу үшін кадастр жүргізетін кәсіпорындарға жібереді.»;
2) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кадастрды жүргізетін кәіпорындар 5 жылда бір рет аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша және тұтастай алғанда республика бойынша жерлердің сапалық жай-күйі туралы есептер жасайды.»;
25-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауды; елді мекендерде жер учаскелері ушін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілей отырып, олардағы бағалау аймақтары шекараларының схемаларын жасауды; жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларьш есептеу; ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезіндегі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны анықтауды қамтиды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесіне кадастрлық нөмір беру үшін кадастрды жүргізетін кәсіпорынға өтініш жасайды, ал жер учаскесіне сәйкестендіретін ескі үлгідегі құжатты жаңаға ауыстыру үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жүгінеді.
Өтінішке жер учаскесіне қолда бар сәйкестендіру құжатының түпнұсқасы қоса беріледі.»;
32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Жер учаскесін сәйкестендіру жөніндегі жұмыстардың нәтижелері бойынша кадастр жүргізетін кәсіпорын жер учаскесіне кадастрлық нөмір береді, ескі үлгідегі құжатқа тиісті белгі жасайды және оны өтініш берушіге береді. Жер учаскесіне кадастрлық нөмірді бергені туралы ақпарат жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органға ұсынылады.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Есепті кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішіндегі есепті кварталдардың кодтары мен жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін кадастрды жүргізетін кәсіпорындар береді.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Кадастрды жүргізетін кәсіпорын жер учаскесіне кадастрлық нөмір берілгені және бұл учаскенің кадастрлық есепке қойылғаны туралы өтініш беруші мен тіркеуші органға хабарлайды. Өтініш берушіге жер учаскесінің жаңа кадастрлық нөмірі бар және жер-кадастр картасындағы (схемадағы) өзгерістер қамтылған жер-кадастр картасының (схеманың) тиісті бөлігінің расталған көшірмесі беріледі.»;
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«42. Жер-кадастр карталарын (схемаларын) жүргізуді және кейіннен жаңартуды кадастрды жүргізетін кәсіпорындар жүзеге асырады.»;
45-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«45-1. Жер учаскелеріне арналған жер-кадастр істері, жер-кадастр кітаптары, бірыңғай мемлекеттік жер тізілімі кадастрды жүргізетін кәсіпорынның мұрағатында тұрақты түрде сақталуға тиіс».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.