Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Өрісі кең онкүндік аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының тілдерді да­мыту басқармасы Қазақстан хал­қы тілдері күні мерекесіне орай тұ­тастай онкүндік шара өткізу жө­нінде шешім қабылдаған еді. Бұл бағытта «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты тұрғындарды ақпараттандыру мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осы орайда облыс аталған реформаны қолдау деңгейі мен дәрежесі бойынша елімізде алдыңғы орындардың бі­рінде екенін айтқанымыз жөн.

Өрісі кең онкүндік аясында қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді

Бүгінде латын қарпіне кө­шіру ісі мен оның ережесін ел-жұрт арасында түсіндіру жұ­мыстарының маңызы жоғары еке­­ні белгілі. Осы ретте басқарма тарапынан ұйым­дастырылған «Жаңа емле: жазу қа­­ғи­даттары» тақырыбындағы ша­ра­­ның ауқы­мы мейлінше кең болды. Оған қоғамдық және мем­­лекеттік ұйым­­­­­дардың әр сала­сын­да қыз­мет атқаратын бес жүз­ден астам адам қатысты. Шара ба­ры­сын­да «Тіл-қазына» ұлттық ғы­лы­­­­­ми орталығының атқарушы ди­­­­­ректоры Ербол Тілешов дә­­­­­ріс оқыды. Сонымен бірге тіл­­­­­дерді оқыту орталығының оқы­­­­­­тушылары Гүлайым Аяпова мен Ақмарал Сүгірбаева тренинг өткізді. Бұған байланыс­ты практикалық жұмыстар орын­далып, латын қарпінде жа­­­­зыл­ған сөздер мен өлең шу­­мақ­­­тары оқылды. Әрі тренинг пен дә­ріс­ке қатысушылар латын қар­піне көшуге орай, өз­дерін тол­ған­дырып жүрген бір­­қатар са­уалға жауап ал­ды. Сонымен бір­ге олар емле ережелеріндегі бір­қатар ерек­ше­лікке де қанық болды.

Онкүндік аясында рефор­ма­ның саяси маңыз­дылы­ғын арттыру мақсатында «Қош келдің, жаңа әліпби», «Төрлет, төл әліп­би» тақырыптары бойынша кез­­десулер ұйымдастырылып, ла­­тын графикасына көшкен ел­­дер­дің тәжірибесі ортаға са­лын­ды. Сонымен бірге осы ара­лықта латынға көшуді тиім­ді әрі сапалы жүзеге асыру мақ­са­тын­да халықаралық конферен­циялар мен семинарлар, теле­жобалар мен телесабақтар өт­кізілді. Әлеуметтік роликтер көр­сетіліп, ашық диктанттар жа­зу ұйымдастырылды. Бұл ба­ғыт­та арнайы көрнекі құралдар әзір­леніп, көпшілікке таратылды. Осы орайда, өңірде латын гра­фикасына көшу жөніндегі бағдарлама қабылданған кезден бері Тіл басқармасының ұйым­дастыруымен 687 шара ұйым­дастырылғанын айту парыз. Атал­­ған кезеңде 44 мыңға жуық адам түсіндіру жұмыстарымен қам­тылған. 100 мыңнан аса адам ашық диктант жазуға қатыс­қан. Сонымен бірге жаңа емле ере­желері апробациясында 250 және жаңа әліпбиде жасалған клавиатураның апробациясына 600-ден астам адам тартылған. Зия­лы қауым, сала маманда­ры, тұрғындардың басқа да санат­тары өкілдерінің пікірлері рес­публикалық, облыстық бұ­қара­лық ақпарат құралдарында жарияланып, сұхбаттар берілуі де онкүндіктің өрісі кең болғанын көрсетеді.

Оқыту ісінде интернет бере­тін заманауи мүмкіндіктерді қол­дану мақсатында қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіліп, өз бетімен тіл үйренемін деген азаматтар үшін «Тілтану» атты қазақ ті­лі­­­нің жаңа әліпбиі негізінде қа­шықтықтан оқыту курсы ұйым­дастырылды. Әрі тұр­ғын­дар сайт, әлеуметтік желі арқылы латын графикасындағы қазақ әліпбиі ережелерімен, тіл саласындағы жаңалықтармен танысты. Халықты қазақ тілі­нің жаңа әліпбиіне үйре­ту үшін, аталған орталық латын графикасындағы «Жазылым» жә­­не «Білімді балақай» атты тап­сыр­малар жинағын баспадан шы­ғаруға ұйытқы болды. Оның латын графикасы бойынша қа­зақ тілін үйрету құралы ретінде мақсатты аудиторияға арналған тұсаукесері өткізілді.

Міне осылайша Ақтөбе ай­ма­ғында қазақ әліпбиін латын графикасына сатылап көшіру ісінде үйренетіндей үрдістер көбейіп келеді.

 

АҚТӨБЕ