Оқиға • Бүгін, 14:05

Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан қанша қазақстандық елге оралды?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 ақпанда басталған Таяу Шығыстағы әскери қақтығыс аймағынан 4700-ден астам қазақстандық елге қайтарылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Таяу Шығыстағы шиеленіс аймағынан қанша қазақстандық елге оралды?

Азаматтарды эвакуациялау резидент және резидент емес әуе компанияларының рейстері арқылы, сондай-ақ жерүсті жолдарымен жүзеге асырылып жатыр.

6 наурызда Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері Ирандағы Zarkuh компаниясында жұмыс істейтін жеті қазақстандықты Иран-Армения шекарасына жеткізуді ұйымдастырды.

Алдын ала мәлімет бойынша, компания тағы 16 қазақстандықты дәл осы бағытпен эвакуациялауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытқа дейін Ираннан 66 Қазақстан азаматы елге оралған.

Zarkuh компаниясы металл және бейметалл пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді. Олардың қатарында алтын, мыс, қорғасын, мырыш, сирек және бағалы металдар, сондай-ақ құрылыс тасы, отқа төзімді материалдар және цемент өндірісіне арналған шикізат бар. Компания Ирандағы цемент шикізатын барлау және өндіру саласындағы жетекші ұйымдардың бірі саналады.

Айта кетейік, Қазақстанның өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жағдайды үйлестіруді жалғастырып, отандастармен тұрақты байланыста.

Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп қақтығыс аймағынан қазақстандықтарды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

 

 
Соңғы жаңалықтар

Бизнестегі бибілер

Бизнес • Бүгін, 10:20

Сыйлыққа да талғам керек

Таным • Бүгін, 10:15

Кран тізгіндеген Рәзия

Әйел әлемі • Бүгін, 10:10

Бала деп байыз таппаған...

Қоғам • Бүгін, 10:05