07 Қаңтар, 2013

СӨЗСОЙЫЛ: Ауылдың айтқыштары

626 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

СӨЗСОЙЫЛ: Ауылдың айтқыштары

070113-26Дүйсенбі, 7 қаңтар 2013 11:23

СУРЕТТІҢ СЫРЫ

Бiрде Мәкең жазушы Ғабит Мүсiреповпен суретке түседi. Кейiн суреттi көрген көңiлi жақын бiреу:

– Мәке, Ғабеңмен суретке түсiпсiз ғой, – дейдi сүйiнiшпен.

 

Дүйсенбі, 7 қаңтар 2013 11:23

СУРЕТТІҢ СЫРЫ

Бiрде Мәкең жазушы Ғабит Мүсiреповпен суретке түседi. Кейiн суреттi көрген көңiлi жақын бiреу:

– Мәке, Ғабеңмен суретке түсiпсiз ғой, – дейдi сүйiнiшпен.

Сонда, Мәкең:

– Осы суреттi көргендер, менi танитыны: “Мәкең бәле екен, Ғабитпен құшақтасып суретке түсiптi” деп жүр екен, ал Ғабеңдi танитындар: “Ойбай, Ғабең бәле екен, Никита Сергеевичтiң өзiмен құшақтасып суретке түсiптi ғой” дейтiн көрiнедi, – деп күлдiрiптi.

АУТ

Бір совхоздың жұмысшылар комитетінің төрағасы Әбекеңе шағым айта келіп:

– Мен тура футболдың добы болдым, біресе ана совхозға, біресе мына совхозға ауыстыра бересіздер. Бұған қашан тоқтау болады? – деп ренжіген көрінеді. Сонда Әбекең:

– Доп болып ішімізде домалап жүре бергеніңе риза болмайсың ба, бір күні бөтен біреу келіп, қаттырақ теуіп жіберсе, мүлдем аутқа шығып кетесің ғой! – депті.

САҚТЫҚ

Әбекеңнің шофері жас жігіт екен, мәшинені ұшыртып айдап келе жатыпты. Бір кезде ауыл шетіндегі моланың тұсынан өтіп бара жатқанда, ол шоферінің құлағына жақындап, жай ғана:

– Мына марқұмдардың қатарына мерзімінен бұрын қосылып жүрмейік, – депті сыбырлап.

 АРАҚ

Заманның тыныш кезiнде Жаңақорғанның бiраз жiгiтi iшiнде Манап ақын, Есiркеп Қонқабаев дейтiн ақын бар, тау қойнауына демалуға шығады.

Қуақылау бiр жiгiт “Еса­ға, Мәке, бұрын қазақта арақ болмаған екен, Дальдiң тү­сiндiрмесiнде де, орысша-қа­зақша сөздiкте де бай­қа­ма­дық. Сонда шараптан бас­қаны бiлмейтiн қазақта “арақ” деген атау қалай пай­да болған?” дейдi.
Есiркеп ақын жұлып ал­ған­дай:

– Ой, жiгiттер-ай, ол “Ай­қайлап, рахаттанып ауыл­ға қайтамын” деген сөз­дер­дiң бас әрiптерiнен құ­рал­ған сөз ғой, – дейдi.

Сонда, Мәкең мырс етiп:

– Әй, Есаға, олай емес шы­ғар “Айқайлап рахат­тан­саң ақыры қамаларсың” де­ген сөз болуы да мүмкiн ғой, – деген екен.

Дайындаған
Берік САДЫР