Руханият • 18 Қыркүйек, 2019

Зағип жандар арасында жеңімпаздар анықталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақ соқырлар қоғамы мен Зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасының қолдауымен зағип жандар арасында  Садық  Кәрімбаевтың туғанына 100, Жақсыгелді Сейіловтың туғанына 70 жыл толуына орай өткен республикалық конкурс өз мәресіне жетті.

Зағип жандар арасында жеңімпаздар анықталды

Байқау ережесіне сәйкес қатысушылар екі ән, яғни бір ән аталған композиторлардың шығармаларынан, екінші ән өз қалаулары бойынша орындады.  

Байқау нәтижесіне орай бас жүлде  Алматы облысынан Даукен Алғысбектің еншісіне тисе, бірінші орынды Орал  қаласынан Бердіғалиев Қатимолла, екінші орынды Маңғыстау қаласынан Кенжеғараева Гүлфайра, үшінші орынды Шымкент қаласынан Төребай Нұржан иеленді. Ал ынталандыру сыйлығына Павлодар қаласынан Қозғанов Қадырхан, Алматы облысынан Арғын Нұрдана, көрермендер қалауы бойынша Шымкент қаласынан Жуашбаева Гүлхая ие болды. Барлық жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталады. Байқауға қатысудың шығындары Қазақ соқырлар қоғамы тарапынан жабылды.