Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2019

Педагогикалық университет бір жылғы жұмысына есеп берді

553 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Абай атындағы университетке түсетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Биыл  4381 студент оқуға қабылданса, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Бакалавр бойынша оқуға қабылданғандар саны 3745-ті құраса, көрсеткіш 2018 жылы 2715 адамды құраған.

Педагогикалық университет бір жылғы жұмысына есеп берді

Жұртшылық алдында есеп берген университет ректоры Тахир Балықбаев осындай мәліметтерді алға тартып, бір жыл ішінде педагогикалық орны қандай жетістіктерге жетті, білім сапасы қандай дәрежеде көрініс берді деген сауалдарға нақты көрсеткіштермен жауап берді.

Кездесу барысында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер атындағы институттың директоры Кенжехан Матыжанов, Әскери ғылымдар докторы, қоғам қайраткері, профессор  Ким Серікбай, Педагогикалық ғылымдар академиясының президенті Асқарбек Құсайынов,  Математика және физика мектебінің директоры  Алмаз Күнғожин, т.б. ғалымдар мен оқытушылар қатысты. 

«Бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстандағы  педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы болып отыр. Оған мына төмендегі жетістіктеріміз дәлел. Университет білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (НАОКО) «Білім» бағыты бойынша институционалдық рейтингісінде 1 орын алды. Қазақстан жоғары оқу орындары ҚР – 2019 Тәуелсіз ұлттық рейтингісінде (НААР) 5-орынға шықты. 31- білім беру бағдарламалары тәуелсіз ұлттық рейтингісінде ТОП -3 қатарына енді.

Халықаралық рейтингілер бойынша: QS World University Ranking-2020 рейтингісінде 561-орын, қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 4-орын алды, ал «QS EECA-2020» рейтингісінде 103 орынға жайғастық.Webometrics Ranking of World Universities (қаңтар 2019) рейтингісінде Қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 4-орын (2018 жылы – 15 орын), ал педагогикалық жоғары оқу орындары арасынан – 1 орынды алдық. Web of Scicnce рейтингісі бойынша Қазақстан Республикасы педагогикалық жоғары оқу орындары  арасында 1-орынға шықтық» деп атап өтті Тахир Балықбаев.

2019 жылы 1 курсқа қабылданғандар ішінде 316 «Алтын белгі» иегерлері бар, оның 185 –і педагогикалық мамандықтар бойынша (59%), 182 үздік аттестат иегерлері, оның 111-і педагогикалық мамандықтар (61%), 47 үздік диплом иегерлері, оның ішінде 33 педагогикалық мамандық бойынша (70%).

Білім сапасына келер болсақ, ВОУД-2019-дың орташа  балы 86 болды, ал республика бойынша орташа көрсеткіш 84 балл болған еді. 12 студент ҚР Президентінің степендиясын алды. 203 білім алушы оқуды үздік дипломмен бітірген. 2018/2019 оқу жылында үлгерім бакалавриатта 78 пайыз, магистратурада 85 пайыз болды.  2019 жылы 1800 түлек бітірді, бұл 2018 жылы 1934 болатын. Бітірушілердің 97 пайызы жұмысқа орналастырылды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 95  пайызды құраған. Жұмыс берушілер тарапынан бос орын жәрмеңкесінде 120 түлек жұмысқа орналастырылды. (2018 ж -72).

Бүгінде университеттің құрылымында 7 профильді институт, бір шетелдік азаматтарға және жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, 30 кафедра, әскери кафедра, «ЮНЕСКО» кафедрасы жұмыс істейді. Инновациялық парк 8 ғылыми орталықты біріктіріп отыр. Өткен оқу жылында жаңадан «Қазақстан Халқы Ассамблеясы» кафедрасы, педагогикалық  STEM-парк, медиация орталығы, «Smart students» коворкинг орталығы, Сoll-орталығы ашылды. Университеттің байқау кеңесінде 13 маман бар, оның 3-і тәуелсіз байқаушылар. Кеңестің төрағасы Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің басшысы – Махмұт Қасымбеков.

Байқау кеңесінде университеттің 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған даму стратегиясын бекіту және оның орындалу барысына қатысты өзекті мәселелер қаралған болатын.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мансап» жедел қосымшасы жұмыс істейді. Кадр мәселесіне тоқталатын болсақ, университетте 915 профессор-оқытушылар жұмыс істейтін болса, оның 819-ы штаттық (89%) профессор-оқытушылар, ғылыми дәрежесі бар профессор-оқытушылар құрамының орта жасы – 51, профессор-оқытушылар құрамының рейтингісінде жоғары көрсеткішке жеткен 71 оқытушы үстеме ақы алып отыр. Университет профессор-оқытушылар құрамының ішінде 13 ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент- мүшелері, 24 әртүрлі қоғамдық академиялардың мүшелері, 17 шығармашылық одақтарының мүшелері, 8 еңбек сіңірген жаттықтырушы, 14 спорт шеберлері, 137 ағылшын тілді оқытушылар еңбек етеді.

2018 жылы ҚР Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының Бас рейтингісінде (ТОП-50) «Химия» кафедрасының профессоры, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі  Бектұров Есен Әбікенұлы 8 орын, «Физика» кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Косов Владимир Николаевич 24 орын алды. 2018 жылы Қазақстан ғалымдары арасында «Scopus» индексі бойынша заң ғылымдарының докторы, профессор Хамзина Жанна Амангелдіқызы және «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы әлеуметтік ғылымдар саласындағы үздік зерттеушілер атанды.

АЛМАТЫ