Тарих • 19 Қыркүйек, 2019

Құмнан табылған қазына

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айдаладағы құмның арасынан шыққан бұл дүниенің не құпиясы бар? Оны біз білмейміз. Білетініміз – патера деген ыдыстың сабы екендігі ғана.

Құмнан табылған қазына

Құрманғазы аудандық та­ри­хи-өлкетану музейіне бұл жәдігерді 1979 жылы өлке­та­нушы Мақсот Жолжанов тапсырыпты. Музей қызметкері Жа­зира Мәдірова: «Бұл – біз­дің заманымызға дейінгі II-III ға­сырларға жататын патера деп аталатын ыдыстың сабы, – дейді. – Ежелгі Римде та­ғам салуға арналған пате­раны кейін құрбандыққа сойыл­ған малдың қанын құю­ға пайдаланған. Ыдыстың са­бы  қоладан жасалған. Қола дәуі­рінің хроникалық шегі б.з.б. 4-мыңжылдық пен б.з.б. 1-ші мыңжылдықтың ба­сын қамтыды. Қола – әр-түрлі про­порциядағы мыс пен қа­лайының, қорғасынның қорыт­пасы».

Жәдігерге зер салсақ, са­бының ұшы мүйізді қошқар басының нақышымен бейне­леніпті. Өлкетанушы Мақсот Жолжанов патераның сабын Қошалақ өңірінен тапқан. Қошалақ – «Киелі әр тас мұнда, енді аттау ұят-ты. Табаныңның астында, бір құпия жазу жатқан сияқты», деп жырлаған ақын Жұ­мекен Нәжімеденовтің туған жері.

«Бұйра құмның ортасы – бұйырғынды төбе жай, Күнге жайған терідей сор қоршаған жағалай», деп ақын шабытына арқау болған қасиетті мекен топырағына әлі қанша сырды бүгіп жатыр екен?..

 

АТЫРАУ