Руханият • 19 Қыркүйек, 2019

Қарағандыда «Сәкен» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс қарсаңында «Сәкен» кітабының тұсаукесері өтті. Нұр-Сұлтан қаласында жарық көрген құнды еңбекті құрастырушы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Аманжол Әлтаев.

Қарағандыда «Сәкен» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Кітаптың тұсаукесеріне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Аманжол Әлтаев бұл жобаны іске асырудың көптен бері ойында жүргенінен  хабардар етті.

– Ақырында осы ойымды жүзеге асырудың сәті түсті. «Сәкен» кітабы Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ақынның мерейтойына арналып 1000 дана таралыммен жарық көрді. Басылым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Сәкен Сейфуллин туралы мақалалар мен ғылыми материалдар топтастырылған. Одан кейінгі бөлімде белгілі ақындар және жас авторлардың Сәкен туралы өлеңдері басылған. Ал үшінші бөлімде Сәкен Сейфуллиннің шығармалары ұсынылған. Тираждың бір бөлігі кітапханаларға түседі, – деді ол.

«Сәкен» кітабының тұсаукесер рәсіміне Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен Халықаралық айтыс және жыршы-термешілер одағының басшысы Жүрсін Ерман қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

  

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20