75 келіде жұдырықтасқан биылғы Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет жартылай финалда филиппиндік спортшыға жол берді.
Тәжірибелі Эумин Марсиаль қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Тұрсынбай Құлахмет өзі қатысқан алғашқы әлем біріншілігін қола жүлдемен аяқтап отыр.