Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2019

Түркістанда «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында алғаш рет «Күзгі марафон»  қайырымдылық  шарасы өткізілді. 

Түркістанда «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті

«Мейірімділік үлгісі» акциясы шеңберінде өткен спорттық іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.

Өңірдегі құқық қорғау органдарының және заң саласының 300-ден астам қызметкері қатысқан  игі шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, сондай-ақ тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдерге қоғам болып қаржылай қолдау көрсету. Марафонға қатысушылар ерікті түрде 1000 теңге және одан жоғары қатысу жарнасын төлей отырып, қайырымдылық шараға өз үлестерін қосты. Облыстық полиция департаментінің басшысы, генерал Қ.Дәлбеков, облыстық соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Т.Бекімбетов және басқа да басшылар қатысқан марафон «Президенттік миль» дәстүрлі жеңілатлетикалық жүгірісі  ретінде 2400 метр қашықтықта өткізіліп, жарыс жеңімпаздары кубокпен және арнайы жүлделермен марапатталды.   

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, марафоннан түскен 500 мың теңгеге жуық қаражат  «Түркістан жоғары медицина» колледжінде білім алып жатқан, әлеуметтік  жағдайы төмен отбасылардан шыққан жастардың бірінші жартыжылдық  оқу ақысын төлеуге жұмсалады.