Қоғам • 22 Қыркүйек, 2019

«Jastar alany 2019» республикалық турнирі басталды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда «Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирінің ашылу рəсімі өтті. 18-29 жас аралығындағы 120-дан астам қара сөз шеберлері турнирдің жеңімпазы жəне жалпы жүлде қоры 4000 000 тең

«Jastar alany 2019» республикалық турнирі басталды

Бұл жоба Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі жəне «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен» КЕАҚ бірлесіп іске асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты жастар жылы аясында Қазақстандағы дебаттық қозғалысты жандандыру жəне дебат федерациясын құру.

«Қазақ баяғыдан сөзді құрметтеген халықпыз ғой, сондықтан да дебат осы біздің жастарға сөзді түсінуді, сөзді жеткізуді жəне ойлау арнасын кеңейтуді, кез-келген жағдайға өзіндік сараптамасын беруді үйретеді деп ойлаймыз» деп атап өтті Дəулет Кəрібек.

Турнир 2 күн 20-21 қыркүйек, ал үздік дебатерлер Турнирдің қорытынды күні 22 қыркүйекте анықталады. Турнирдің ерекшелігі, атақты блогерлер, вайнерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен жұлдызды ойының «Stars Game» өткізілуі.

Сонымен қатар, жоба аясында турнир қатысушылары мен төрешілері үшін семинар, оқыту тренингі өткізілді. Оның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға пікірталас бойынша тренинг өткізу үшін жаттықтырушылар мен төрешілердің сертификаттары берілді. Қазан айында дебатерлерге арналған сайтпен мобильді қосымшаның тұсаукесері өтеді. Тайм-киперлерді алмастыруға арналған мобильді қосымшаның қазіргі таңда Қазақстанда баламасы жоқ.