Аталған қайырымдылық акциясы аясында Батыр ауылында екі отбасын қолдау мақсатында үй құрылысы басталды. Шараның негізіне келетін болсақ нұротандықтар, аудан тұрғындары жәнекәсіпкерлер бірлесе қайырымдылық жасау арқылы, қиын жағдайдағы бауырларымызға баспана сыйлауды көздейді.
-«Әр қазақ менің жалғызым» сөзі тұтастай ұлттың бірлігін ту еткен ұран десек артық айтқандық болмас. Елдің тұтастығы мен бірлігі бір ауыз сөзге сыйып тұрғандай. Бейбіт елде береке көп. Асар - бірлік пен ынтымақтың, бауырмалдықтың рухани қайнар көзі. Жалпы жауапты азаматтық қоғамның мүшесі ретінде, кез-келген азамат өз отандасына көмек қолын созу, ол біздің ата-бабаларымыздан қалған өнеге деп білеміз, дейді депутатАхмет Салманов.
Акцияның алғашқы күнінде, яғни үйдің ірге тасын қалауға "Nur Otan" партиясы Мұнайлы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рахат Елтизаров, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттары Ахмет Салманов, Табылды Әмір, Дина Күлмеханова, аудан тұрғындары белсенді түрде ат салысты. Құрылыс басында құрбандық шалынып, ақсақалдар ақ батасын берді. Өз үлесімді қосам деген азаматтар қатары көп екендігібайқалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Әр қазақ - менің жалғызым» қайырымдылық акциясы аясында акциямен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бастамасымен Шетпе ауылында тұратын төрт мүжәлсіз отбасыға асарлатып бір үй (муниципальды) салынып, кілті табыс етілген болатын.