Архимед Бегжанұлы бұрын Лисакв қаласындағы үйлерді жөндеу жұмыстарынан өткізетін еді, енді еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай лисаковтықтар тұңғыш рет жаңа үйге кіріп отырғанын айтты.
«Мен қалалық ауруханада жұмыс істеймін, төрт баламыз бар. Пәтер алуды армандайтын едім, міне, қолым жетті» деді қоныс тойын тойлағалы отырған қала тұрғыны Сәуле Тасбауова.
Бұл үйді «Рудныйсоколовстрой» құрылыс фирмасы салды. Ал «Аллюминстрой Казахстана» акционерлік қоғамы Лисаков қаласының 7-ші шағын ауданында кен кәсіпорны жұмысшылары үшін үй салды. 60 пәтерден үш пәтер дәрігерлерге берілді. Тұрғындар тек қана коммуналдық қызметті ғана төлейтін болады. Қостанай боксит кен басқармасы пәтерлерді ішінара жиһазбен жабдықтап та қойған.
Тұрғын үй құрылысының дамуы моноқалалардың болашағынан хабар беретіні сөзсіз.
Қостанай облысы
Лисаков қаласы
Сурет kostnews.kz сайтынан алынды