Экология • 23 Қыркүйек, 2019

Алматылық студенттер тазалық күнін өткізді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаладағы жоғары оқу орындарының 400-ге жуық студенті Алмарасан шатқалын қоқыс пен қалдықтан тазартты. Осы игі істерімен жалынды жастар еліміздің премьер-министрі бастаған «Бірге - таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына өз үлестерін қосты. Олар жалпы 8 шақырым аумақты қоқыстан тазартқан.

Алматылық студенттер тазалық күнін өткізді

«Бұл эстафетаны Қазақстанның басқа да университеттеріне жолдаймыз. Өзіміз демалатын орындарымызды таза қалпында сақтауымыз керек. Табиғат таза болса, адамзаттың да көңілі жай. Әрқашан осыны ұмытпауымыз қажет», – дейді студент Әлішер Сүлейменов

Бұл күні шаһардың Жетісу ауданында да жастар мен өнер майталмандары қолдарына күрек пен сыпыртқы ұстап аудан аумағын айнадай тазартты. Әр түрлі саланың мамандары сенбілік өтетіні туралы әлеуметтік желі арқылы хабардар болып, өз еріктерімен белсенділік танытқан.Игі бастамын қолдаған олар ағаштарға санитарлық кесу жұмыстарын да  жүргізді.

 

АЛМАТЫ