Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастардың ерекше достық сипатын атап өтті.
– Тәуелсіздік жылдарында біз Қытай Халық Республикасымен ең жақын достық қатынастар орнаттық. Біздің қатынастарымыз басқа елдер үшін тату көршіліктің үлгісі болып табылады. Төраға Си Цзиньпинмен ерекше қарым-қатынастамын және мен оны өте жоғары бағалаймын, - деді Елбасы.