Биыл көп балалы отбасыларға 8 мыңнан астам пәтер беріледі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

«Былтыр 12 млн шаршы метрден астам үй салынса, биыл көрсеткіш 13 млн-нан асады деп күтіп отырмыз. Яғни, республика бойынша жалпы саны 120 мыңдай жаңа үй салынады. Алғашқы 8 айда жалпы көлемі 7,6 млн шаршы метрден астам 68 825 жаңа үй салынып бітті. 28 210 үйді жекеменшік құрылыс компаниялары салды. Ал көпқабатты үйлер саны 37 мыңның үстінде», деді Қ.Өскенбаев.
Вице-министрдің айтуынша, үй құрылысына салынған инвестиция биыл 19 пайызға өскен. Өңірлердің барлығы дерлік жоспарға сай жұмыс істеп жатыр. Дегенмен Нұр-Сұлтан қаласында салынған үйлер былтырғыдан 33 пайызға, Маңғыстау облысында 9,5 пайызға төмендеді.
Баспасөз мәслихатында айтылғандай, 2019 жылы республикалық бюджеттен әкімдіктерде кезекте тұрған адамдар үшін 6002 сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына 32,8 млрд теңге бөлінген. Жыл сайын кем дегенде 4 мың пәтер пайдалануға берілуге тиіс.
Көп балалы отбасылар үшін 2025 жылға дейін 40 мың жалға берілетін тұрғын үйдің немесе жыл сайын 6 мың пәтер салу жоспарланып отыр. Осы мақсатта 7 жылда 350 млрд теңге бөлу қарастырылған. «Көп балалы отбасыларға жалға 6 мыңдай пәтер беріледі. Бүгінге дейін 2813 пәтер тапсырылды. Жыл соңына дейін көрсеткіш 8 мыңға жетуі тиіс», – деген Қ.Өскенбаев көп балалы отбасыларға баспана алу үшін бөлек кезек жасау мәселесі туралы да пікірін білдірді.
«Бұрын көп балалы отбасылар жалпы ортақ кезекте тұратын. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жетім балалар үшін басымдық болды. Салынған тұрғын үйдің 20%-ы соларға берілетін. 80%-ы қалған кезекке берілді. Бұл халықтың әлеуметтік осал тобының 11 санаты», – деді Қ.Өскенбаев. Оның айтуынша, биыл мамыр айында заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес көп балалы отбасылар жеңілдетілген баспананы бірінші кезекте алушылармен теңестірілді. Бұл бағдарламаны «Нұрлы жер» бағдарламасында жедел іске асыру үшін жеке кезек бөлінді.
Сонымен қатар бірінші вице-министр көп балалы отбасылар қатары өскенін атап өтті. «Үш жылдың ішінде біз көп балалы отбасыларды жеңілдетілген баспанамен толықтай қамтамасыз етуіміз керек. Басымдық жарияланған кезде 29 мың отбасы кезекте тұрды. Бүгінде олардың саны 38 229. Кезек айтарлықтай жылдам қарқынмен өсуде. Біз өсімді ескере отырып тұрғын үй салып жатырмыз. Сондықтан алға қойылған міндеттер толығымен орындалады», – деді Қ.Өскенбаев.
Қ.Өскенбаев Жастар жылы аясында жұмыс істейтін жастарға да арнап үш мегаполисте 3 мың жалдамалы пәтер салынып жатқанын айтты. 2021 жылға дейін көрсеткіш 9 мыңға жетпек.
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, биыл ашылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 10 пайыз бастапқы төлеммен жылдық 2 пайыз үстемемен жеңілдетілген ипотека беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін отбасының әр мүшесіне шаққанда табыс айына 42 мың 500 теңгеден аз болуы керек.
«Бүгінге дейін бағдарлама бойынша «Тұрғынүйқұрылыс-жинақбанкіне» 5 мыңдай өтінім түсті. Соның 2,5 мыңына ипотека мақұлданды. Ал 455 отбасы жаңа үйлеріне қоныс аударып үлгерді. Жыл соңына дейін бағдарлама бойынша 5 мың қазақстандыққа жаңа пәтердің кілті табысталады», – деді басқарма төрайымы.
Ләззат Ибрагимованың айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 10 пайыздық алғашқы төлем болмаса, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облыстарында 1 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты бар.
Жалпы, бағдарлама бойынша Нұр-Сұлтан қаласы (800 өтінім) мен Алматы қалаларынан (650 өтінім) және Ақтөбе облысынан (542 өтінім) ең көп өтінім түскен.
Петропавлда жаяу жүргінші көлік астына түсті
Аймақтар • Кеше
Пандемия аяқталғаннан кейін коронавирустық инфекция неге айналады?
Коронавирус • Кеше
Асқар Мамин жаңа министрлерді таныстырды
Үкімет • Кеше
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Кеше
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Кеше
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Кеше
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Кеше
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Кеше
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Кеше
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Кеше
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Кеше
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Кеше
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Кеше
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Кеше
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Кеше
Шетелдіктердің Қазақстанда уақытша тұру мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Атырауда шикізаттық емес өнімдер экспортының көлемі артады
Экономика • Кеше
Атырауда 558 мас жүргізуші жазаланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Словакияда тұрғындарға серуендеуге тыйым салынды
Әлем • Кеше
Қызылордада абақтыдағылар астау жасап жатыр
Аймақтар • Кеше
Экс-депутат QazIndustry-де жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда ерікті вакцинадан қайтыс болса қанша теңге төленеді?
Медицина • Кеше
Нұр-Сұлтанда қалалық парктер 2021 жылы қалай түрленеді?
Елорда • Кеше
Алматыда модульді госпиталь қайта ашылады
Аймақтар • Кеше
Президенттің апталық жұмысына бейне шолу
Видео • Кеше
Қар құрсауынан 50-ден астам көлік құтқарылды
Қоғам • Кеше
Мефедрон сатқан екі петропавлдық ұзақ жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Тағайындау • Кеше
Қостанайда сирек кітаптар көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Биыл Шымкентте 36 маршрут субсидияланады
Аймақтар • Кеше
Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Спорт • Кеше
Бокстан ел біріншілігі басталды
Спорт • Кеше
Алматыда 500-ден астам бизнес нысандары тексерілді
Қоғам • Кеше
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Кеше
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Кеше
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Кеше
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Кеше
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Кеше
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Кеше
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Кеше
Ауа райы • Кеше
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Кеше
Ұқсас жаңалықтар