Жиынға 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері қатысады деп күтілуде. Форум барысында қатысушылар Еуразиялық кеңістікті тұрақты дамытудың ортақ көзқарастары мен жолдарын талқылайды.
Айта кетейік, Еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнату мақсатында ұйымдастырылып жатқан форум биыл Қазақстанда алғаш рет өткелі тұр.