Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2019

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі басталды

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент-Елбасы Н. Назарбаевтың Еуразиялық идеясына 25 жыл толуына орай «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтіп жатыр.

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі басталды

«Ең алдымен, Қазақстанымыздың төрі, Қазақ елінің елордасы - Нұр-Сұлтан қаласына қош келдіңіздер! Сонымен бірге бүкіл Еуразия елдерінің Парламенттері үшін маңызы зор ерекше жиынға қатысып отырғандарыңызға шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Бүгінгі форум заң шығарушы органдар арасында жан-жақты диалог орнатуға, өзара сенімді нығайтуға, парламентаралық ынтымақтастықты одан ары күшейтуге кең жола ашады деп сенеміз», деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Форумға 60-тан астам елдің парламенттік делегациялары мен 16 халықаралық ұйым өкілдері қатысуда.

Айта кетейік, Еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнату мақсатында ұйымдастырылып жатқан форум биыл Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр. Бұған дейін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының кеңесі Ресейде, Оңтүстік Кореяда және Түркия Республикасында өткен еді.

Қатысушылар қатарында ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары, Парламентаралық одақ, Азия парламенттік ассамблеясы, Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық форумы, Еуропалық парламент, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ислам ынтымақтастық ұйымы парламенттік одағы, ТМД ПАА, ШЫҰ сынды ұйымдар бар.