Қазақстан Республикасының Заңы №74-V
Сенбі, 2 ақпан 2013 7:11
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Сенбі, 2 ақпан 2013 7:11
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке басты куәландыратын құжаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат):
280-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту. Осы бапта:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi;
3) шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
6) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
7) босқын куәлігі;
8) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;
9) шетелдік паспорт;
10) қайтып оралуға арналған куәлік;
11) туу туралы куәлiк (он алты жасқа толмаған адам үшiн);
12) жүргiзушiнiң куәлiгi;
13) әскери билет жеке басты куәландыратын құжаттар болып танылады.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат, № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнындағы «379-бап. Паспорттарды, жеке куәліктерді заңсыз алып қою немесе оларды кепілге қабылдау» деген сөздер «379-бап. Жеке тұлғалардан жеке басты куәландыратын құжаттарды заңсыз алып қою, сол сияқты оларды кепілге қабылдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 379-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«379-бап. Жеке тұлғалардан жеке басты куәландыратын құжаттарды заңсыз алып қою, сол сияқты оларды кепілге қабылдау
1. Жеке тұлғалардан жеке басты куәландыратын құжаттарды заңсыз алып қою, сол сияқты оларды кепілге қабылдау,-
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардан жеке басты куәландыратын құжаттарды заңсыз алып қоюы, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
3) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының қырық алтыншы абзацындағы «, Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу мен құжаттандыру» деген сөздер алып тасталсын.
3. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
31-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «адамдар үшiн)» деген сөздерден кейін «не босқын куәлігі» деген сөздермен толықтырылсын.
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16 -құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы он сегізінші және он тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау;
халықты құжаттандыратын және тіркейтін тіркеу пункттерінің жабдықтары мен ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуін жүзеге асыру;».
5. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
281-баптың 9-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы «жеке басын куәландыратын куәлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар белгіленген үлгідегі материалдық объект.
Жеке басты куәландыратын құжаттарға «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттар жатады;»;
2) 193-бапта:
екінші бөліктегі «ұлттық паспортына» деген сөздер «шетелдік паспортына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «ұлттық паспортында» деген сөздер «шетелдік паспортында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 224-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын шетелдiк, азаматтығы жоқ адам жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар олардың мәтiнiнiң нотариатта куәландырылған қазақ тiлiндегi немесе орыс тiлiндегi аудармасын беруге тиiс.»;
4) 270-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжаттары, әскери билеті тіркеуші органға тапсырылуға жатады.».
7. «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 21-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);»;
2) 23-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер (мекенжай анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);»;
3) 23-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тұрғылықты жері туралы мәліметтер (мекенжай анықтамасы не ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы);».
8. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-баптың 2, 3 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қамтитын интегралдық микросхема осы баптың 3-тармағының 2)-7) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарға орналастырылады.
3. Мыналар:
1) туу туралы куәлік;
2) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
4) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
5) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;
8) жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжаттар болып табылады.»;
«6. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн:
туу туралы куәлiктi;
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын;
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру кезiнде;
2) шетелдiк үшiн шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат беру немесе тіркеу куәлiгiн беру кезiнде;
3) азаматтығы жоқ адамдар үшiн көшi-қон полициясы органдарында тiркеу кезiнде берiлетiн азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн немесе тiркеу куәлiгiн беру кезiнде жүзеге асырылады.
Бала асырап алу жағдайларынан басқа, осы тармақта көрсетiлген құжаттарды қайтадан және одан кейiн беру кезінде жаңа жеке сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру жүргізілмейді.»;
2) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жеке сәйкестендiру нөмiрi:
1) ол туралы мәлiметтер өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, көлемде және мерзiмде ұсынылатын жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн;
2) резидент еместер Қазақстан Республикасынан кеткен кезде;
3) асырап алынған бала туралы мәліметтер, оның дербес деректері өзгерген кезде бала асырап алу туралы сот шешiмi күшiне енгеннен кейiн Жеке сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен шартты түрде алып тасталады.
Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қайтадан және одан кейiн тiркеу кезінде, сондай-ақ бала асырап алу жарамсыз деп танылған жағдайда, бұрын қалыптастырылған жеке сәйкестендiру нөмiрi бар құжат берiледi.».
9. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат; 2010 ж., № 24, 149-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;»;
2) 5-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) босқын куәлігінің үлгісін және оны қорғауға қойылатын талаптарды бекітеді;»;
3) 6-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жол жүру құжатының үлгісін бекітеді, босқын куәлігі мен жол жүру құжатын беруді жүзеге асырады;».
10. «Мемлекеттiк мүлiк туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; 2012 жылғы 29 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
134-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана,Ақорда, 2013 жылғы 29 қаңтар №74-V ҚРЗ