Саясат • 24 Қыркүйек, 2019

Елбасы: Еуразияның болашағын бірлесе айқындауымыз керек

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Тұңғыш Президент-Елбасы Еуразия елдерінің парламенттері спикерлерінің IV кеңесінде айтты.

 

Елбасы: Еуразияның болашағын бірлесе айқындауымыз керек

- Бүгінгі басқосу халықаралық диалогты, сенімді серіктестікті нығайтуға зор үлес қосады деп сенемін. Еуразия құрлығы әрдайым әлемдік дамудың алдыңғы сапында болғанын ұмытпағанымыз жөн. Біз үлкен Еуразияның болашағын бірлесе айқындауымыз керек. Сондықтан бүгінгі басқосу осыған көп үлес қосады деп санаймын. Осындай игі мақсатты көздеген форумның жұмысы нәтижелі болсын,- деді Елбасы.

 

Айта кетейік, Еуразиялық мемлекеттердің заңнамалық органдары басшыларымен жан-жақты диалог орнату мақсатында ұйымдастырылып жатқан форум биыл Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр. Бұған дейін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының кеңесі Ресейде, Оңтүстік Кореяда және Түркия Республикасында өткен еді.

Форумға қатысушылар қатарында ЕҚЫҰ мен ҰҚШҰ парламенттік ассамблеялары, Парламентаралық одақ, Азия парламенттік ассамблеясы, Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық форумы, Еуропалық парламент, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі, Ислам ынтымақтастық ұйымы парламенттік одағы, ТМД ПАА, ШЫҰ сынды ұйымдар бар.