Қоғам • 24 Қыркүйек, 2019

«Еңбек» бағдарламасымен 9,6 мың мүгедек жұмысқа орналасты

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда 9,6 мың мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына - 3,9 мың адам. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Еңбек» бағдарламасымен 9,6 мың мүгедек жұмысқа орналасты

2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар құрамына 10,8 мың мүмкіндігі шектеулі азамат енгізілді, бұл мемлекеттік бағдарламаға қатысушылардың жалпы санының 3%-ын құрайды (402,8 мың адам). Мемлекеттік бағдарламаның өзге де бағыттары бойынша қысқа мерзімді курстармен 1 170 адам қамтылды, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 757 адам қамтылды, 179 адам микрокредит алды, оның ішінде 90 адам өз ісін ашқан. 

Сондай-ақ 3 851 адам жұмысқа орналастырылды, әлеуметтік жұмыс орындарына – 983 адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасына 440 адам тартылды, қоғамдық жұмыс орындарына – 4 337 адам орналастырылды.

Ал 2019 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 16 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 690,6 мың мүгедек бар, бұл жалпы халық санының 3,7% – ы, 424,4 мың еңбекке қабілетті жаста (61%), 106 мың адам жұмыс істейді.