Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019

Қарағандыда өнерлі өрендердің көрме-байқауы басталды

781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеншілер астанасында «Алтын қазына» және «Шеберлер қаласы» атты республикалық екі байқаудың облыстық кезеңіне қатысқан жұмыстардың көрме-байқауы ашылды.

Қарағандыда өнерлі өрендердің көрме-байқауы басталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы бұл мәдени шараға қатысу үшін өңірдің барлық мектептерінен оқушылар қолынан шыққан 150-ден астам жұмыс түскен болатын. Ал олардың ішіндегі ең үздіктері ғана облыстық бейнелеу өнері мұражайының төрінен орын алды.

Көрме-байқауды Қарағанды облыстық білім беру басқармасы мен «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

«Сарыарқа дарыны» орталығы басшысының орынбасары Саят Балмақаев бұл байқаулардың бейнелеу өнері мен балалар шығармашылығын дамытуға және қолдауға бағытталғанын атап өтті.

1

– Жұмыстар жеті аталым бойынша ұсынылды. Қазылар алқасы бір апта бойы бұл жұмыстарды бағалайтын болады. Жеңімпаздарды сертификаттармен, дипломдармен және ұйымдастырушылардың сыйлықтарымен марапаттаймыз. Үздік шыққан жұмыстар алдымыздағы қараша айында Шымкент қаласында өтетін республикалық байқауға ұсынылатын болады. Қатысушылардың жасы 11 мен 16 жас аралығында, – деді ол.

Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан көрме-байқауға қатысушылар арасында Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран қалаларының және Жаңаарқа, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарының оқушылары бар.

  

 

Қарағанды облысы