Парламент • 24 Қыркүйек, 2019

Н.Нығматулин: Еуразия елдері Спикерлерінің 4-кеңесі ауқымды аймақтық мәселелерді қамтыды

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда өткен «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбындағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесінен кейін арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Н.Нығматулин: Еуразия елдері Спикерлерінің 4-кеңесі ауқымды аймақтық мәселелерді қамтыды

Оған Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Владимир Володин, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Мун Хи Сан және 5-кеңесті өткізетін Индонезия Парламенті Өкілдер Палатасының вице-спикері Фадли Зон қатысты.

Ақпарат құралдары өкілдерінің алдында сөз алған Мәжіліс Спикері 4-кеңес - Еуропа және Азияның 60-тан астам елдерінің басын қосқан ең ірі әрі ең беделді парламенттік форумға айналғанын айтты.

Форумда талқыланған тақырыптар ауқымы өте кең болды. Оның ішінде, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, өркениет пен мәдениет диалогын күшейту, парламентаралық ынтымақтастық, инновациялық экономиканы дамыту, цифрландыру, әлеуметтік мәселелердің шешімі қамтылды. Еуразия кеңістігінде табысты ынтымақтастықты кеңейту және нығайту үшін көптеген нақты ұсыныстар мен тәжірибелік ұсынымдар айтылды,- деді Мәжіліс Спикері.

Одан кейін сөз алған Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Төрағасы Владимир Володин, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы Мун Хи Сан форумның парламентаралық байланыстарды, жалпы алғанда, еуразиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатын алға қоя отырып, жан-жақты, өте жоғары деңгейде өткеніне ризашылық білдірді. Ал Индонезия өкілі Фадли Зон келер жылы өз елдерінде қазақстандық Парламенттің жолымен табысты өткізу үшін бар күш-жігерін арнайтынын айтты.

Нұрлан Нығматулин барлық форумға қатысушыларға, ақпарат құралдары өкілдеріне өз алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар