Президент • 24 Қыркүйек, 2019

Президент Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен кездесті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен екіжақты кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурермен кездесті

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібіндегі кең ауқымда  өзекті мәселелерді талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Швейцария арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

– Швейцария – Қазақстан үшін екі жақты сауда және инвестиция көлемі бойынша Еуропадағы негізгі әріптес. Біздің елдеріміз банк, құрылыс және аграрлық салалардағы жобаларды белсенді дамытып келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті швейцариялық әріптесінің назарын қаржылық қызметтер, машина жасау, химия және фармацевтика, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, туризм салаларында бірлесіп атқарар бірқатар перспективалық жобалардың бар екеніне аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ули Маурерді биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.