Президент • 25 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен кездесті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен де екіжақты келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы Грузия Президенті Саломе Зурабишвилимен кездесті

Мемлекеттер көшбасшылары екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салаларда өзара іс-қимылдарды кеңейту қажеттігін атап өтті.

– Қазақстан Сіздің еліңізбен достық қарым-қатынасты дамытуға, саяси диалогты тереңдетуге және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге зор мән береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы бірлескен жұмыстардың,  соның ішінде, қазақстандық Ақтау және Құрық порттарын пайдалану арқылы екі ел арасындаға жүк тасымалын жүзеге асырудың маңыздылығын айтты.

Өз кезегінде, Саломе Зурабишвили Грузияның инвестициялық және көлік-логистикалық жобаларына Қазақстан капиталының белсенді қатысып отырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді.