Парламент • 25 Қыркүйек, 2019

Ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды

185 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV «Үлкен Еуразия. Үнқатысу. Әріптестік» кеңесі аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Ынтымақтастықты  кеңейтуге шақырды

Испания Корольдігі Сенатының Сыртқы істер комитетінің төрағасы А.Гутиерриспен келіссөз барысында мемлекетаралық қатынастардың жоғары деңгейі, сондай-ақ Қазақстан мен Испания парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті атап өтілді.

Қазақстан өкілі Испания Король­дігі еліміздің Еуроодақтағы сенімді стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. «Қазақстан Парламенттік Ассам­блеясы мен Еуропа Кеңесінің жұмы­сына қатысу аясындағы испан­дық парламентшілермен байланысты дамытуға мүдделі», деді А.Шәкіров.

Испаниялық сенатор өз кезегінде Корольдіктің жоғарғы палатасында Қазақстанмен достық тобын құруға ниетті екенін жеткізді.

Индонезия Республикасы Халық өкілдері кеңесі төрағасының орынбасары Фадли Зонмен және Аймақтар өкілдері кеңесі төрағасының орынбасары Дармаянти Любиспен кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Асқар Шәкіров исламдық қаржы­лан­дыру саласындағы Индонезияның мол тәжірибесін атап өтіп, Қазақ­стан «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметіне индо­не­зиялық қаржы институттарын қаты­суға тартуға мүдделі екенін айтты.

Ф.Зон Индонезия ел астанасын кө­ші­ру жөніндегі Қазақстан тәжі­ри­бе­сін пайдалануға әзір екенін жет­кізді.

А.Шәкіров Пәкістан Ислам Респуб­ликасы Парламенті Сенаты төр­ағасының орынбасары Салим Ман­двиуал­ламен кездесуде «Қазақ­стан мен Пәкістан қатынастары ашық­­тығымен және бірізділігімен ерекшеленеді», деді.

 «ШЫҰ мен АӨСШК аясындағы тығыз ынтымақтастық көпжақты си­паттағы үйлесімді жұмыстың айқын мысалы болып табылады. Біз­д­ің өзара сеніміміз аймақтық ынты­мақтастықты одан әрі нығайтуға және аталған халықаралық алаңдардың әлеуетін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін», деді сенатор.

Салим Мандвиуалла өз кезе­гінде спикерлердің IV кеңесіне ша­қырылғаны үшін алғыс біл­діріп, Пәкістан Қазақстанның Пар­ла­ментімен тығыз байланыс жасауға әзір екенін растады. Әңгіме барысында Пәкістан өкілі Асқар Шәкіровке еліне сапармен келу шақыруын табыс етті.

Жүздесушілер екі ел арасындағы экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды өрістету жөнінде пікір білдірді.

Сенат Төрағасының орынбасары Румыния депутаттар палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордакемен кездесуде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев туризмді дамыту міндетін қойғанын атап өтті. «Қазақстан басқа елдермен сау­да-экономикалық қатынастарды дамытуға әзір. Әлем елдерінің парла­менттері жаңа сапалық деңгейге өтті. Біз Румыниямен өзара тиімді шарттарда парламентаралық байланыстарды жалғастыруға мүдделіміз», деді А.Шәкіров.

Ф.Иордаке Қазақстан Румынияның сенімді әріптесі болып табылатынын және қазақстандық тауарларды Еуропа нарығына ілгерілететін көпірі болуға мүдделі екенін атап өтті. Ауыл шаруашылығы, инновациялар мен технологияны, экология мен туризмді ынтымақтастықтың басым салалары деп белгіледі.

Асқар Шәкіров Палестина Ұлт­тық кеңесінің бас хатшысы Мұхам­мед Мұса Собейхпен кездесуде халықаралық істердегі парламент­тердің рөлін күшейтудің маңызын атап өтті. «Еуразия елдері парла­менттері спикерлерінің кездесуі аясын­дағы үнқатысу алаңы пікір алма­судың маңызды мінбері болып табылады. Қазақстан кез келген қақ­тығыстарды бейбіт жолмен шешуді жақтайды. Қазақстан Таяу Шығыс­тағы шиеленістерді реттеуге белсенді қатысушы болып табылады. Біз екі­жақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге әзірміз», деді Қазақстан Сенаты Төрағасының орынбасары.

Палестина Ұлттық кеңесінің бас хатшысы өз кезегінде Палестина әлем­де бейбітшілік бастамасын қол­дайтынын және Таяу Шығыста бей­бітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бар күш-жігерін жұмсауға әзір екенін жеткізді.