Саясат • 25 Қыркүйек, 2019

Сенат Төрағасының орынбасары Ауғанстан Парламенті жоғарғы палатасының вице-спикерімен кездесті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысу үшін Нұр-Сұлтанға келген Ауғанстан Ислам Республикасы Парламенті жоғарғы палатасының вице-спикері Мохаммад Файсал Самимен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенат Төрағасының орынбасары Ауғанстан Парламенті жоғарғы палатасының вице-спикерімен кездесті

«Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі өзінің халықаралық міндеттемелерінен айнымайды және елдегі жағдайды тез арада тұрақтандыруға мүдделі», - деп атап өтті А.Шәкіров.

Сенатор 2019 жылғы 24 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорктегі жалпы пікірсайыстарында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ауғанстан Ислам Республикасындағы бейбітшілікті қалпына келтіруге Қазақстанның мүдделі екенін айтқанын еске салды. Президенттің айтуынша, ауған халқын өз мемлекетінің қалпына келтіруіне Қазақстан алдағы уақытта да қолдау көрсететін болады.

Ауғанстан Парламенті жоғарғы палатасының вице-спикері әңгіме барысында Еуразиялық парламенттік алаңның маңызын атап өте келіп, Қазақстан-Ауған парламентаралық қатынастарын нығайтуға дайындығын нақтылады.

Мохаммад Файсал Сами біздің еліміздің ауған халқына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша жүзеге асқан білім беру жобаларының маңызын ерекше атап өтті.

Соңғы жаңалықтар