Президент • 25 Қыркүйек, 2019

Мемлекет басшысы "Eurasia Group" компаниясының президенті Ян Бреммермен кездесті

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нью-Йорк сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, "Eurasia Group" зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы "Eurasia Group" компаниясының президенті Ян Бреммермен кездесті

Тараптар кездесу барысында  өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.